«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №113 қаулысы негізінде мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам түрінде құрылды. Қоғамның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін 100% иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.