БІРЛЕСКЕН ӨНІМ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШАРТТАРЫ

Ұлттық деп танылуға үмітті бірлескен киножобаларды қаржыландыру туралы шешім ҚР «Кинематография туралы» заңына және аталған фильмдерді түсіру жөніндегі келісімге сәйкес қаржыландырады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.

ҚҰЖАТ ТІЗІМІ

Шетел тіліндегі құжаттарға нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндег аудармасы қоса беріледі.
Ұсынылған құжаттар мен материалдар рецензияланбайды және қайтаруға жатпайды.
Бірлескен фильм өндірісі үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына келесі құжаттар мен белгіленген формадағы өтінім ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама ;
2) киножоба*, киножобаның презентациясы, бизнес-жоспары немесе синопсисі (девелопмент кезеңінде тұрған жобалар үшін);
3) фильмнің аннотациясы;
4) шығармашылық топ туралы биографиялық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтер (резюме, түсірілген фильмдер туралы ақпарат);
5) шетелдік компаниялармен фильмнің ко-өнімі туралы алдын ала жасалған шарттар немесе меморандумдар;
6) алдын ала жасалған шарттар немесе меморандумдар жасасқан шетелдік кинокомпания (продюсер) туралы ақпарат.
7) фильмнің түсірілім тобымен жасасқан келісім-шарттар (режиссер, операторлар, дыбысоператорлар, костюм жөніндегі суретшілер, монтажерлер, актерлер – басты кейіпкерлерді сомдаушылар) және олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (егер келісім-шарт жасалған болса).
Өтінім және жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес қоса берілген құжаттар:
1) уәкілетті органға конкурс туралы хабарланған мерзім өтіп кеткеннен кейін түскен;
2) авторлар талаптарға сай келмейтін құжаттарды ұсынған;
3) авторлар күмәнді немесе бұрмаланған ақпарат ұсынған жағдайда
өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күннен кейін 5 (бес) күн ішінде қараусыз кері қайтарылады.
Шетел тіліндегі құжаттарға нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.
Ұсынылған құжаттар мен материалдар рецензияланбайды және қайтаруға жатпайды.
e-mail: info@kazakhcinema.kz

*киножоба - фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы)

ӨТІНІМ БЕРУ

Өтінім жеке тұлғадан берілсе, оның қолы қоюлы тиіс, егер де заңды тұлға атынан берілсе, компанияның қолы мен заңды тұлғаның мөрі болу тиіс.
Электронды құжат келесі форматтарда болуы мүмкін: PDF, DOC/DOCX, TIF/TIFF, JPG/JPEG. Бастапқы және сканерленген құжаттың пішімі - А4 (210 х 297 мм), суреттің масштабы - 100%. Сканерлеу кезіндегі түс гаммасы – ақ-қара. Сканерленген құжаттың мазмұны компьютер мониторында да, қағазға басып шығарғанда да оқып түсінуге анық болуы тиіс.
Файлдарды міндетті түрде мұрағаттандыру керек. Мұрағаттандыру үшін келесі мұрағаттандыру бағдарламаларын қолдану керек: WinRar, WinZip.Е-mail арқылы жолданатын мұрағат 15 Мб аспау тиіс, осы көлемнен артқант кезде мұрағат бірнеше томға бөлінуі тиіс.
Мұрағатталган файл осы формаға тіркеліп немесе Ко-өндіріске өтінім беру белгісімен info@kazakhcinema.kz электронды поштасына жолдауға болады.
Анықтама үшін e-mail: info@kazakhcineme.kz
Kazakhcinema.kz © 2019-2024
Барлық құқықтар қорғалған
БАЙЛАНЫС
info@kazakhcinema.kz

Бас кеңсе
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Мәңгілік ел 30, 3 қабат

Алматы қаласындағы өкілдік
Сатпаева 16а.
Коворкинг Хаб