Тарихы

2019 жылғы 03 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қоғамдық қатынастарды реттейтін және кинематография саласының құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын «Кинематография туралы» № 212-VІ ҚРЗ Заңына қол қойды. Заңда ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету жөніндегі бірыңғай оператор ретінде Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығын құру көзделген.
2019 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы» №113 Үкімет Қаулысына қол қойды. Бұл қаулыға сәйкес, жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып бекітілген «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» (ҰКҚМО) коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
2019 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының м.а. Н. Кадюков ҰКҚМО Жарғысын бекіту туралы № 362 бұйрыққа қол қойды.
Қоғамның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Миссия

ҰКҚМО негізгі миссиясы – кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және отандық киноиндустрияны дамыту үшін жағдай жасау.
Мемлекеттік қаржыландыруды ұсынатын бірыңғай оператор ретіндегі ҰКҚМО қызметі ұлттық фильмдерді шығару мен ілгерілетуді қолдауға, кинопрокатты дамытуға және елдегі кинотеатрлар санын арттыруға бағытталған.

Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары мен мәні

4.1. Қоғам қызметінің мақсаты:
1) Қазақстан Республикасының кинематография саласындағы саясатын іске асыру;
2) отандық киноиндустрия дамуына шарттар жасау болып табылады.
Қоғам қызметінің мәні ұлттық кинематографияны қолдау, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық мүдделерге сай келетін сапалы фильмдер түсіру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында және шетелде ұлттық кинофильмдерді танымал ету болып табылады.

Қызмет түрлері

Мемлекеттік қаржыландыруды ұсынатын бірыңғай оператор ретіндегі ҰКҚМО қызметі ұлттық кинематографияны қолдауға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және отандық фильмдерді Қазақстанда және шетелде танымал етуге бағытталған.
Қазіргі уақытта, «Кинематография туралы» ҚР заңына және «ҰКҚМО» КЕАҚ Жарғысына сәйкес, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну;
2) ұлттық фильмдерді прокаттау және көрсету, оның ішінде олармен байланысты іс-шаралар (таралымын көбейту, дубляж жасау, субтитрлеу не кадр сыртындағы аударма, жарнама);
3) ұлттық фильмдердің халықаралық кинофестивальдерге қатысуы, кино күндерін және шетелде ұлттық фильмді ілгерілетуге бағытталған өзге де іс-шараларды өткізу;
4) кинематография саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
5) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу;
6) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру.

Жарғылық капиталының құрылымы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының м.а. Н. Кадюковтың 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 362 бұйрығының негізінде:
1) Жалғыз құрылтайшымен төленетін ҰКҚМО-ның жарғылық капиталы 142 580 000 теңге көлемінде белгіленді;
2) ҰКҚМО-ның жарияланған акцияларының мөлшері 142 580 000 дана жай акцияларын құрайды;
3) ҰКҚМО-ның бір акциясының номиналды құны 1 000 теңгені құрайды.
Kazakhcinema.kz © 2019-2024
Барлық құқықтар қорғалған
БАЙЛАНЫС
info@kazakhcinema.kz

Бас кеңсе
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Мәңгілік ел 30, 3 қабат