БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

2022
62 киножоба 2022 жылғы конкурстық іріктеуден өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 шілдедегі бұйрығына сәйкес бұл жобалар шығарылуына мемлекеттік қаржылық қолдау алады. Бұл шешім «ҰКҚМО» КЕАҚ жанындағы Сараптама кеңесінің оң қорытындысы мен Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынымының негізінде қабылданған.
"ҰКҚМО" КЕАҚ атына "Лучник" ("Nomad Stunts" ЖШС), "Повилика" ("Tanaris Production" ЖШС), "Город духов – Киин-Кериш" ("Central Asia Production" ЖШС), "Өзеннің армандары " (Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ) және "Иноходец" (Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ) киножобаларының өндірістік компанияларынан ресми хаттар келіп түсті. Бірқатар себептерге байланысты бұл өндірістік компаниялар өздерінің киножобаларын жүзеге асырудан бас тартты.
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 23 ақпандағы шешімімен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ-ның "Render Films" ЖШС-не мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану, аванс пен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды. Нәтижелері бойынша "Render Films" ЖШС-мен "Все на мослы" жобасы бойынша шартты бұзу туралы шешім қабылданды.
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 10.07.2023 жылғы шешімімен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ-ның "Sirius" ЖК талап талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Нәтижелері бойынша "Киношежіре" жобасы бойынша "Sirius" ЖК-мен шартты бұзу туралы шешім қабылданды.
Осылайша, 01.11.2023 жылғы жағдай бойынша 2022 жылы қаржыландырылатын картиналар саны 62-ден 55-ке дейін қысқарды.
ШОЛУ
2021
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2021 жылы мынадай тақырыптардағы толық метражды киножобаларды шығаруға конкурс өткізді:

1. Алтын Орда тарихына арналған фильм;
2. Ақиық ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған фильм;
3. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбек жолына арналған фильм.
ШОЛУ
2020
2020 жылғы 25 мамырда Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Оның барысында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған екінші іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, 42 киножоба мемлекеттік қаржылық қолдауға ие болды.

2020 жылғы 21 қыркүйекте өндірісін 2020 жылы бастау жоспарланып отырған ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Отырыс барысында киножобалардың өндіріс мерзімдері мен қаржылық қолдау мөлшерлері бойынша ұсыныстар әзірленді. Отырыс қорытындысына сәйкес, ҰКҚМО екінші питчингіне қатысқан 39 киножоба одан әрі мемлекеттік қолдауға ие болады.
ШОЛУ
2019
2019 жылғы 28 тамызда Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Оның барысында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған бірінші іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, 17 киножоба мемлекеттік қаржылық қолдауға ие болды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ішкі аудит департаменті бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талдау бойынша және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатында "ҰКҚМО" КЕАҚ (05.08.2022 ж. аудиторлық есеп) аудит жүргізді. Аудит нәтижесі бойынша "Новый Мир" Продакшн" ЖШС-нің "Қайырымды қазақ даласы" жобасы бойынша бюджет қаражатын қайтару және шартты бұзу туралы шешім қабылданды.
Алматы қаласы бойынша ІІБ-нің 10.11.2020 жылғы қорытындысына және 25.11.2020 жылғы Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысына сәйкес «TANARIS "Production» ЖШС басшылығы «Возвращение учителя» жобасы бойынша Киноорталыққа жасалған іс-әрекеттің кінәсі танылды және залал толық көлемде өтелді. Нәтижелері бойынша «TANARIS «Production» ЖШС-мен шартты бұзу туралы шешім қабылданды.
Осылайша, 01.11.2023 жылғы жағдай бойынша 2019 жылы қаржыландырылатын картиналар саны 17-ден 15-ке дейін қысқарды.
ШОЛУ
Kazakhcinema.kz © 2019-2024
Барлық құқықтар қорғалған
БАЙЛАНЫС
info@kazakhcinema.kz

Бас кеңсе
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Мәңгілік ел 30, 3 қабат

Алматы қаласындағы өкілдік
Сатпаева 16а.
Коворкинг Хаб