ҚАЗАҚСТАН КИНОИНДУСТРИЯСЫ

2022

2022 жылы қазақстандықтар 17047524 рет киноға барды, оның үштен бірінен астам – 5949918 рет отандық өндіріс фильмдеріне барған.
Осындай ақпаратты ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы жариялады.
Сонымен қатар, құжатта кинозалдардың және кинотеатрлардың саны, жалпы ел бойынша да, өңірлер бойынша өткізілген киносеанстардың саны, кино өнімін өндіретін елдер бойынша бөлінген фильмдерге бару статистикасы туралы мәліметтер қамтылған. Жеке кестеде көрсетілген қызметтер үшін кинематографиялық ұйымдардың алған табыстары туралы мәліметтер келтірілген, жалпы республика бойынша бұл көрсеткіш 26851351,2 теңгені құрады.
Құжатпен толығымен сілтеме арқылы танысуға болады.

2021

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында жарияланған статистикалық деректер Қазақстан киноиндустриясының 2021 жылы қалай дамығанын көрсетеді.
Құжаттардың бірінде кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша қызметтер көлемі туралы ақпарат қамтылған.
Сондай-ақ, кинокөрсетілімді жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің негізгі сипаттамалары.
Сондай-ақ кинокөрсетілімді жүзеге асыратын кинематографиялық ұйымдардың қызметі туралы егжей-тегжейлі деректер жарияланды.
2020
Ағымдағы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндіру қызметтерінің сомасы 31,7 млрд теңгеге жеткен – бір жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда құндық мәні 19,3%- ға өскен. Нақты өсім 13,5% құрайды.
Сектордағы барлық қызметтердің жартысынан астамы (53,4%) кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар өндірісіне тиесілі: 16,5 млрд теңге, бір жылда 91,3% қосылған.
Кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды таратуға қатысты қызметтер көлемі 3,1% - ға, 9,2 млн теңгеге дейін өскен.
Кинофильмдерді көрсету қызметтері бір жылда 21,2 % - ға, 4,7 млрд теңгеге дейін, кино, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды шығаруды аяқтау қызметтері — 86,9 %-ға, 346,5 млн теңгеге дейін, дыбыс жазу және музыкалық шығармаларды басып шығару саласындағы қызметтер – 1,3% - ға, 154,4 млн теңгеге дейін қысқарды.
2019
2019 жылы Қазақстан ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Касса алымдары 21.2 млрд. KZT = $ 54.4 млн.
USD дейін жетті, ал кинотеатрларға кірулер саны 19.9 млн. адамды құрады.
2018
Kazakhcinema.kz © 2019-2024
Барлық құқықтар қорғалған
БАЙЛАНЫС
info@kazakhcinema.kz

Бас кеңсе
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Мәңгілік ел 30, 3 қабат

Алматы қаласындағы өкілдік
Сатпаева 16а.
Коворкинг Хаб