Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы
Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған.

Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар;

2004-2007 жылдар аралығында – «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі;

2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;

2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;

2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі;

2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры;

2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған;

2017-2018 жылдары - Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болды;

2018-2019 жылдары - «Қазақ радиолары» ЖШС директоры болып тағайындалды;

2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды;

2019-2021 жылдар аралығында «Астана» телеарнасының бас директоры болды;

2021-2023 жылдар аралығында «31» медиахолдингінің Бас директоры қызметін атқарды.
2023 жылдан бастап «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы.
Kazakhcinema.kz © 2019-2024
Барлық құқықтар қорғалған
БАЙЛАНЫС
info@kazakhcinema.kz

Бас кеңсе
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Мәңгілік ел 30, 3 қабат

Алматы қаласындағы өкілдік
Сатпаева 16а.
Коворкинг Хаб