новости казакша

Қазақ тіліне дубляж жасау үшін фильмдерді іріктеу бойынша дауыс беру аяқталды

21 мамыр күні балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасылық көруге арналған фильмдерді қазақ тіліне дубляждау үшін фильмдерді іріктеу бойынша онлайн дауыс беру аяқталды.

19 сәуірден бастап жиырма жұмыс күні ішінде Ұлттық кино орталығының сайтында мазмұны қамтылған фильмдердің тізімі жарияланып, дауыс беру қолжетімді болды.

Ашық дауыс беру бойынша нәтиже келесідегідей: дауыс беруге 25 респондент қатысқан, оның 68%-ы «Кроссы» жобасына (Sneaks) дауыс берді. Ал, «10 жизней» жобасын өтініш беруші кері қайтарғандықтан, ол алдын ала онлайн дауыс беруден алынып тасталды.

Енді қорытынды Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасылық көруге арналған фильмдерді қазақ тіліне дубляждау үшін фильмдерді іріктеу ережесіне сәйкес Сараптама кеңесінің қарауына ұсынылады.