1 наурызда Қазақстанда мемлекеттік қаржылық қолдауға үміткер киножобаларды конкурстық іріктеудің бірінші кезеңіне құжаттар қабылдау басталды. Конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен өткізіліп, ұлттық кинематографияны дамытуға, отандық авторларды қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және мәдени маңызы бар фильмдер түсіруге бағытталған. Өтінімдерді қабылдау 6 наурызды қоса алғанда, Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін жалғасады.
Конкурсқа қатысуға ұсынылатын киножобалардың басым тақырыптар тізімі Кино орталығының ресми интернет-ресурстарында жарияланған. Тізім киноиндустрия өкілдері, сарапшылар және кең жұртшылық қатысқан ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде қалыптастырылды. Барлық ұсыныстар жан-жақты қаралып, қорытынды тізімді әзірлеу барысында ескерілді.
Тақырыптар ұлттық құндылықтар мен тарихтан бастап, заманауи әлеуметтік үдерістерге дейінгі өзекті бағыттардың кең ауқымын қамтиды. Басымдық берілетін бағыттардың қатарында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, ұрпақтар сабақтастығы, қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, сондай-ақ экология және қоршаған ортаны сақтау мәселелері бар. Басым тақырыптардың толық тізімімен осы сілтеме арқылы танысуға болады
Биыл Кино орталығы қазақстандық Silence AI стартапымен бірлесіп, киножобалар конкурсын өткізу процесіне жасанды интеллект құралдарын тестілік форматта енгізуде. ЖИ өтінімдерді техникалық өңдеу кезеңінде, яғни құжаттардың дұрыс рәсімделуін талдау, ұсынылған материалдардың толықтығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қолданылады. ЖИ шешім қабылдамайды және жобалардың шығармашылық мазмұнын бағаламайды -көркемдік және кәсіби сараптаманы бұрынғыдай киноиндустрия мамандары жүзеге асырады.
«Сапалы, тәрбиелік мәні бар кино тек ашықтық пен әділдік үстемдік еткен ортада ғана жасалады. Сондықтан іріктеу осы қағидаларға сүйене отырып өтеді», – деп атап өтті Орталықтың Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Оның айтуынша, бүгінде жас кинематографистерге ерекше көңіл бөлінуде, олардың әлеуетіне деген сенім жоғары.
«Жастарға сеніміміз зор: соңғы уақытта қолдау тапқан 57 жобаның 40-ы - жас режиссерлер мен дебюттік жұмыстар. Прокатта 1 млрд теңгеден астам жинаған «Qaitadan» фильмі - соның айқын дәлелі», – деді ол.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы шығармашылық эксперименттерге, жаңа есімдерге және ұлттық кинематографияны байытып, оның тұрақты дамуына ықпал ететін батыл әрі стандарттан тыс идеяларға әрдайым ашық.
Кино орталығының ресми сайтында, сонымен қатар, конкурстық іріктеуді өткізу қағидаларымен және құжаттарды тапсыруға қойылатын талаптармен де танысуға болады.