Жаңалықтар

«Әбіл» фильмі XIII Silk Road International Film Festival-iнде «Үздік актер» сыйлығын жеңіп алды

Ирландия астанасы Дублин қаласында12-22 қараша аралығында өткен XIII Silk Road International Film Festival-iнде (13-ші «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі) режиссер Елзат Ескендірдің "Әбіл" толықметражды көркем фильмінде басты рөльді сомдаған Ерлан Төлеутай «Үздік актер» номинациясына ие болды. Сондай-ақ осы айдың басында Париж қаласында өткен» Франциядағы қазақ киноларының фестиваліне» қатысқан туындыға қазылар алқасының шешімімен «Үздік актер» сыйлығы берілген болатын.

Аталған кинокартинаны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген болатын.

Жыл сайын дәстүрге айналған «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі биыл он үшінші рет өткізіліп отыр. Мәдени шараға дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген кинематографистер мен көрермендер қатысады. Биыл фестиваль тарихи Тринити колледжі (Дублин) мен әйгілі United Arts Club сияқты екі танымал алаңда өткізілді.