Жаңалықтар

Кино орталығы мен «Тұран» университеті арасындағы меморандум студенттерді жетілдіреді

Сапалы кадр даярлау мәселесі қашанда өзекті. Алматыдағы «Тұран» университетінің студенттерімен кездесуде орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали мен төрағаның орынбасары Бауыржан Шөкенов осыған маңыз берді.


Сондай-ақ жиында ол білім алушылардың ұлттық фильмдерді іріктеу конкурсына қатыса алатынын алға тартты. Режиссураға жаңадан келген маман ретінде студенттердің «Дебют» категориясы бойынша бақ сынауға мүмкіндіктері зор.

Жастарға мотивация сыйлау үшін қысқаметражды «Үміт сәулесі» фильмі де көрсетілді. «Дебют» категориясы бойынша түсірілген фильм шынайы оқиғаға негізделген және халықаралық фестивальдарда топ жарып жүр.


Бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман. Сондықтан студенттің университет қабырғасындағы фильмі ертең оны үлкен киноға алып келетін ішкі үні деп қабылдауға болады. Оған қоса Ұлттық кино орталығы мен «Тұран» университеті арасындағы меморандум студенттерді тек теориямен шектелмей, практикалық тұрғыда шыңдалуына үлес қоспақ.