АЛАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ
Бейбіт қалаға Қабан қолбасшы бастаған жау әскер шабуыл жасап, халықты бодандыққа салады. Амалсыз қалған жұрт әділдігімен танылған Алан батырдан көмек сұрайды. Жазықсыз қуғындалған Алан достары Дуду мен Салпаңның өтінішін қабыл алып, халықты қорғауға аттанады.
Бұл анимациялық фильм көрерменге батылдық, достық және әділдік туралы терең ой салады.
«Нағыз батыр – күшімен емес, жүрегімен батыр» екенін сезіндіреді.

Режиссёр:
Азамат Ерназаров
Продюсер:
Нуриддин Паттеев
Сценарий:
Бакытжан Кулжабаев
Компания:
ТОО «САҚ-дала»