Жаңа құрамдағы Сараптама кеңесі жұмысын бастады

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ жанындағы жаңа құрамдағы Сараптама кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Отырыс барысында Сараптама кеңесі Төрағасы тағайындалды. Төраға лауазымына екі кандидатура ұсынылып, дауыс беру нәтижесі бойынша, Кеңес мүшелері Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Отырыста бірқатар ұйымдық мәселелер қаралып, Сараптама кеңесінің одан әрі жұмыс істеу регламенті айқындалды.

«ҰКҚМО» КЕАҚ жанындағы Сараптама кеңесінің келесі отырысы 2021 жылғы 2 маусымда өтеді.