ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Тағы да жас таланттар туралы

01.10.2021

«Жас таланттар қалай өмір сүреді және бюджеттік қаражатты бөлу жөніндегі комиссияның құрамына кіретін режиссерлер неге мемлекеттік қаржыландыруды өздері алады?». Осы сұрақ BaigeNews.kz ақпараттық агенттігі тілшісінің мақаласында жазылыпты. Мақала авторының аты көрсетілмеген, сондықтан тікелей медиаресурс басшылығына жазуды жөн деп шештік.  

Материалдың ең басында автор былай дейді:  «Қыркүйек айында Президент Тоқаев өз жолдауында шығармашылық жастарға ерекше назар аударды, Мемлекет басшысының пікірінше, олардың арқасында біздің мәдениетіміз жаһандық сипатқа ие болады екен. Алайда, әлі күнге дейін жас таланттар елеусіз қалып, меценаттардың есебінен өмір сүруге мәжбүр».

Бірден мынаған назар аударуларыңызды сұраймыз, Президенттің сөйлеген сөзінен кейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ресми сайтында оның осы бағытта атқарып жатқан жұмысы туралы мынадай бірқатар материалдар жарияланған:

«Бүгінде уақыт бізден батыл шешімдерді талап етеді»

"Біздің жастардың әлеуеті зор"

Касым-Жомарт Токаев жас мәдениет қайраткерлерін қолдау туралы

Өкінішке қарай, қазіргі журналистердің материал жазу барысында ұйымдардың ресми медиаресурстарын оқып, талдау жүргізуді қажет деп санамайтындығына етіміз үйренген. Сондықтан, біз Baigenews.kz редакциясынан келіп түскен сұрауларға электронды пошта жәшігіне қосымша жауаптар жолдаған болатынбыз. Дегенмен, біз жазған жауаптың біреуі де Baigenews.kz тілшісінің материалында көрсетілмеген. Яғни, мақала тек үш жас алматылық кинематографистер – Әділ Мұсатаев, Айбек Құдабаев пен Дамир Танатаровтың пікірлерін қамтиды. Олардың айтуынша, кино индустриясында салауатты бәсекелестік жоқ. Атап айтқанда, Айбек Құдабаев «Дебют» шығармашылық бірлестігі туралы былай дейді:   

«Кино туралы» Заң қабылданғанға және ҰКҚМО құрылғанға дейін «Қазақфильмде» «Дебют» деген құрылым – жас режиссерлерге, кино саласындағы ЖОО түлектеріне бағытталған шығармашылық өндірістік бірлестік болған. Қазақфильмде «Дебюттің» жабылғанына екі жыл болды, себебі жалпы қаржыландыру енді ҰКҚМО арқылы жүргізіледі».

Шамасы, тек журналистер ғана емес, сондай-ақ питчинг қатысушылары да екінші тараптың сөздерін түсінуді және назарға алуды қажет деп санамайтын болар, өйткені жастарға қатысты мәселе бірқатар БАҚ-та, соның ішінде мемлекеттік, оған қоса  Baigenews.kz ақпараттық агенттігінде де жарияланған болатын. Мақала авторы өзінің журналис әріптестерін де оқымайтын сияқты. 

«Казахстанская правда»: Дорогу дерзким, молодым, креативным!

«Егемен Казахстан»: Уақыт бізден батыл шешімдерді талап етеді - Есетжан Қосыбаев

Деловой Казахстан»: «Время требует смелых решений» - глава Киноцентра о Послании Президента

Кинопортал «Бродвей»: Есетжан Косубаев: «Время требует смелых решений уже сегодня»

Сайт Qazaq1913: Есетжан Қосыбаев:«Бүгінде уақыт бізден батыл шешімдерді талап етеді»

Осы материалдарда нақты былай делінген:

«Киноорталық белгілі кинематографистермен бірлесіп ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрамында жұмыс істеген «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігін қайта құруға бастамашылық жасап отыр. Бүгінгі күні бұл мәселе бұрынғыдан да өзекті деп санаймыз».

Бұдан әрі Baigenews.kz мақаласында автор былай жазады: «ҰКҚМО үшінші жыл қатарынан питчинг өткізіп келеді, бұл кез-келген адам келіп, бағын сынап, Сараптама кеңесі мүшелеріне өз сценарийлерін ұсына алады. Әдетте, кеңес құрамына еңбек сіңірген кино қайраткерлері, драматургтер мен актерлер кіреді. Питчинг барысында олар өздерінің пікірінше, қаржы беруге лайықты адамдарды таңдайды. Осы жерде мүдделер қақтығысы туындайды. Егер қисынды пайымдайтын болсақ, сараптама кеңесінің мүшелері конкурсқа өз жобаларымен қатыспауы тиіс. ҰКҚМО сайтында Сараптама кеңесінің мүшелері «мүдделер қақтығысын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті» деп нақты көрсетілген».

Өте дұрыс, тек мақаланың авторы, әдеттегідей, «Конкурс 2021: сұрақ-жауап» деп аталатын материалдың жалпы контекстінен, тек соңғы сөйлемді негізге алған: 

«Сараптама кеңесінің қазіргі мүшелері және «ҰКҚМО» КЕАҚ қызметкерлері конкурсқа қатысуға өтінімдер бере алмайды. Алайда, «Кинематография туралы» Заңға сәйкес ҚР Үкіметі бекітетін Сараптама кеңесінің құрамына шығармашыл қызметкерлер мен сарапшылар кіретіндіктен, ал Киноорталықтың штаты кинематографистерден тұратындықтан,  «ҰКҚМО» КЕАҚ-ға немесе Сараптама  кеңесіне жұмысқа шақырылғанға дейін Өтінім беруші конкурсқа қатысуға өтінім берген және жобаны іске асыру басталған жағдайлар кездесіп жатады».

Бұған тек алып қосарымыз, айта кетсек, питчинг барысында да айтылған, белгілі бір жағдайларда Сараптама кеңесінің мүшесі өз жобасын ашық қорғауда ұсына алады, бірақ оған дауыс беруге қатыса алмайды. Жалпы, бұл туралы мақала авторына Сараптама кеңесі  мүшелерінің өздері де айтқан. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы конкурстық іріктеу шеңберінде өткізілген ашық қорғаудың бейнежазбалары «ҰКҚМО» КЕАҚ Youtube арнасында қолжетімді.

Енді 2019-2020 жылдардағы конкурстардың өткізілуі мен Сараптама кеңесінің жұмысына келетін болсақ, Орталықтың қазіргі басшылығы «Қазақфильм» АҚ-ның немесе Киноорталықтың бұрынғы басшылығының жұмысына, сондай-ақ 2019-2020 жылдардағы конкурстардың өткізілу процедурасына баға бере алмайды. Мұндай бағаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен жоғарғы органдар ғана бере алады. Бұл құрамы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Сараптама кеңесінің жұмысына да қатысты. Осылайша, ҰКҚМО басшылығы Сараптама кеңесінің жұмысына ықпал ете алмайды. Алайда, Сараптама кеңесінің жаңа құрамы талқыланатын кезде, Киноорталықтың басшылығы Үкіметке бірнеше жас режиссерлерді жаңа құрамға қосу туралы ұсыныс енгізуді жоспарлап отыр.   

«Сценарийлердің өздерін оқымай, сценарий конкурсын қалай өткізуге болады?!». Бұл  Baigenews.kz материалында көрсетілген келесі сұрақ. Мұнда да тілші мен питчинг қатысушылары ескі қателікті тағы да қайталайды. Киноорталықтың ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде бір айдан астам уақыт бұрын жарияланған, 2021 жылғы 28 тамыздағы «Конкурс 2021: сұрақ-жауап» деп аталатын материалды тағы да оқимыз:   

«Сарапшылар өтінім берушілер ұсынған құжаттардың барлығын назарға алады. Жобаның сценарийін оқудың алдында сарапшылар  синопсиспен танысатындығы белгілі. Осы кезеңде оларды қызықтыра білу өте маңызды. Кейде синопсисті оқығаннан кейін, жобаның тақырыбы өтінімдер қабылданғанға дейін ұйымдастырушылар жариялаған  тақырыптарға мүлдем сәйкес келмейтінін немесе тіпті қайшы келетінін біліп жатамыз. Осы басым тақырыптар тізімін мұқият оқып шығыңыз және конкурсқа сәтті қатысу мүмкіндігін арттыру үшін оны басшылыққа алыңыз».

Біз келісетін бір нәрсе бар, автордың айтуынша «питчингке қатысуға берілетін өтінімдер саны жыл сайын өсетін болады, сондықтан кеңес мүшелеріне жұмыс істеу үшін жағдай жасау керек, жас кинематографистердің пікірінше, оларға сценарийлерді оқуға көбірек уақыт беру керек».

Әрі қарай BaigeNews.kz ҰКҚМО үшінші конкурсының нәтижесін келесі материалда жариялайтындығын жазған.  Құрметті әрптестер, тағы да естеріңізге саламыз, Киноорталықтың ресми сайтында бұған дейін мынадай хабарлама болған:   

«Питчинг нәтижелері бойынша іріктелген жобалар енді Ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі, ол мемлекеттік қаржыландырудан үмітті фильмдердің соңғы тізімін бекітеді. Кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Сараптама кеңесінің оң қорытындысы мен Ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде ұлттық фильмдерді шығарудың тақырыптық жоспарына енгізген киножобалар жарияланатын болады».

Осылайша, ұлттық фильмдерді шығарудың тақырыптық жоспарына қол қою мерзімдері бойынша «ҰКҚМО» КЕАҚ-да ақпарат әзірге жоқ. Ал енді «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевтың пікірі. 

«Мақала авторлары Ведомствоаралық комиссияның шешімін күтпей, алдын ала өз тұжырымдарын қалыптастырғаны өкінішті. Конкурстың бастапқы кезеңінің өзінде адамдардың осындай батыл тұжырымдар шығаратыны таң қалдырады.   

Бізге келетін болсақ, 2021 жылғы конкурс нәтижелері бойынша ҰКҚМО басшылығы оның нәтижелері жарияланғаннан кейін ғана түсініктемелер бере алады. Бірақ біздің нақты білетініміз – биылғы жылы ашық қорғауға өткен жас кинематографистердің санының көптігі.  Қайталап өтейін, 2020 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша 39 киножоба мемлекеттік қаржылық қолдауға ие болған.  Атап айтқанда, жас режиссерлер түсірген 5 дебюттік фильм, 9 қысқа метражды, 5 анимациялық және 4 көркем фильм. Ал 2021 жылы қорғауға жіберілген қатысушылар арасында «Авторлық кино» (шамамен 75%), «Анимация» (85%) және «Кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдері» (80%) секцияларында жастар басым.   

Питчинг қатысушысы Айбек Құдабаевқа келсек, Сіздер одан жас кинематографистерді қолдау бағытындағы «ҰКҚМО» КЕАҚ жұмысының сапасына қатысты анағұрлым өзекті пікірін ала аласыздар деп ойлаймын. 

Қорытындылай келе біз BaigeNews.kz редакциясына  Киноорталықтың жұмысына көңіл бөлгені үшін алғыс білдіреміз. Әрине, келісуге болатын нәрселер бар, бірақ материалды жазған кезде кейбір нәрселерді нақтылап, екінші тарапты да  тыңдаған артық етпейді. Егер инсайдерлік ақпарат қолданылса, ол әрқашан объективті бола бермейді.

Сондай-ақ, Сіздердің авторларыңыз ретінде шыққан үш жас режиссер негізсіз сынға ұшыраған адамдардан кешірім сұрауға өз бойынан күш тапса екен деймін.  Біздің пікір таластыратын ойымыз жоқ, алайда мұндай ақпарат бүкіл отандық кино саласының айналасында нашар имидж қалыптастырады, ал оның теріс салдары болары анық», - деп атап өтті  Е.Қосыбаев.