kz
ru
en

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Вильнюс халықаралық кинофестивалі Talents Nest бағдарламасына қатысу үшін ұйымдастырылған байқаудың қорытындысын шығарды. Бұл бағдарлама – Балтық, бұрынғы Кеңес Одағы және Кавказ елдеріндегі аудиовизуалды өнімдердің өндірушілерін біріктіруге бағытталған алдағы уақытта өткізілетін «Meeting Point – Vilnius» атты халықаралық нарықтың ауқымды жобасының бір бөлігі.

Биыл алғаш рет Talents Nest бағдарламасына Қазақстанның үш өкілі қатысады. Олар Аян СЫДЫМАНОВ, Нұрболат НАЙЗАБЕКОВ және Айбота ҚАЛИ.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және жемісті жұмыс тілейміз!

Естеріңізге сала кетейік, шара 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында онлайн форматта өтеді. 12 елдің өкілдері, олардың ішінде режиссер, продюсер, сценарист, киносыншы мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттер дәрістер тыңдап, топтық жұмысқа және желілік іс-шараларға қатысады.

Talents Nest бастамасы салаға жаңа қадам басқан кинематографистерді индустриямен, онда жұмыс істейтін мамандармен және бір-бірімен таныстыруға арналған. 

11.03.2022