Бүгін Киноорталыққа Оңтүстік Кореяның жетекші жеке жоғары оқу орындарының бірі – Шинхан университетінің делегациясы келді. Бұл кездесу 2022 жылы қарашада өткен іс-шараның қисынды жалғасы. Ол кезде Оңтүстік Кореяда Киноорталық ұйымдастырған Қазақстандық кино күндері осы Шинхан университетінің көмегімен сәтті өткен болатын.
ҰКҚМО-ның басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев қонақтарға киноорталықтың миссиясы мен мақсаттары туралы айтып, ынтымақтастық перспективаларына егжей-тегжейлі тоқталды. Ал корей университетінің басшысы Кан Сон Чжон біздің елге байланысты жоспарларымен бөлісті. Әңгіме барысында сәуір айында Сеулде бірінші рет Орталық Азия елдерінің кинофестивалі өтетіні, онда қазақстандық кинематографқа ерекше көңіл бөлінетіні белгілі болды.
«Кино – бұл өз тарихымызды сақтап, бір-бірімізді жақсы түсініп, әлемді біртұтас ете алатын өнердің ерекше түрі», - деп атап өтті Кан Сон Чжон мырза.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, киноиндустрия саласындағы мамандарды даярлау және қолдау мәселелерінде өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.
17.03.2023