Сараптамалық кеңес: тіл мәселесі

Кино орталықтың тұңғыш ашық мәжілісінде Сараптамалық кеңес мүшелерінің мемлекеттік тілдегі өтінімдер мен сценарийлерді қалай қарастыратындығы жайлы мәселе көтерілді. Сонымен қатар, осы тұрғыда дау шығаруға тырысқан оқиға да орын алды, бірақ ҰКҚМО басқарма төрайымы Гульнара Сарсенованың жауабынан кейін, жанжал жылдам басылды.

Шынында, Қазақстандағы ресми мемлекеттік тіл – қазақ тілі екендігі жайлы пікірді дауға айналдыруға тырысты. Бірақ, ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде қолдану мүмкіндігі мәртебесіне ие екендігі айтылмады. Қазақ тілін меңгермеген, Сараптамалық кеңесінің мүшелерін кемсіту, мемлекеттің басты заңнамасына қарама-қайшы.

Әйткенмен, мәселе ашық қалып отыр. Сараптама кеңесінің орыс тілді мүшелері қазақ тіліндегі  өтінімдерді қалай қарастырады? «ҰКҚМО» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мұндай мәселелер кезінде тәуелсіз аударма ұйымына аудармаға тапсырма береді. Сәйкесінше, Сараптама кеңесі қай тілде жазылғанына қарамастан, түскен өтінімдердің барлығын қарастырады.

Аударма автордың идеясын, сценарийдің мағыналық жүктемесін толығымен жеткізе алмайды деген ой  контраргумент болып отыр. Бірақ, дегенмен, ол бір жақты айтылған пікір. Сценарийдің көркемдік шығармадан функционалдығымен ерекшеленетінін ескере отырып,  сценарий бірінші кезекте, түсірілім тобына қандай да бір сахнада не болып жатқанын нақты түсіндіріп беретін құжат екенін түсінуіміз қажет.

Бірақ егер сценарийге көркемдік шығарма деп қарайтын болсақ, аудармаға қарсылар кітаптардың, фильмдердің, сериалдардың және баяндау құрылымына ие, басқа да өнімдердің көпшілігі  әдеби аудармадан (кітаптар үшін) бастап, субтитрлер мен дубляждармен (аудиовизуалды өнім) аяқталып, шет тілдегі аудиторияға түрлі форматта бейімделетіндігін ұмытып кетіп жатады.

Статистикалық деректерге келсек, тура 222 өтінім тапсырылған:

Толық метражды ойын киносы – 64 өтінім (оның – 7 қазақ тілінде)

Құжаттамалық кино – 33 (оның – 2 қазақ тілінде)

Авторлық толық метражды кино – 12 (оның – 1 қазақ тілінде)

Анимациялық кино – 21 (оның – 9 қазақ тілінде)

Қысқа метражды кино – 30 (оның – 2 қазақ тілінде)

Дебюттік толық метражды кино – 40 (оның – 2 қазақ тілінде)

Халықаралық жобалар (ко-өнім) – 15 (оның – 0 қазақ тілінде)

Абай Құнанбаевтың 175-жылдығын мерекелеуге орай фильмдер – 7 (оның – 2 қазақ тілінде).

Арифметикалық есепті негізге ала отырып, бізге 222 өнімнің ішінде мемлекеттік тілде 26 өтінім түскен. Яғни, бұл жалпы санның 10 пайызынан сәл көптеу.

Кино орталықтың отырысында туындаған жанжалға келер болсақ, отандық кинематографистердің тіл мәселесін көтеріп, тіпті Сараптамалық кеңестің осы бағыттағы құзіреттілігіне күмән келтіруіне қатысты біршама қызықты тұжырымдар туындайды, бұлжымас статистика көрсетіп отырғандай, бүгінде еліміздегі кино өндірушілердің 90 пайызы киноны орыс немесе басқа тілде түсіруді қалайды екен. Сондықтан да қазақ тілінде сценарийді жасау мәселесі кинематографистердің өз қолында болғандықтан, аталмыш сценарийлерді Сараптамалық кеңес мүшелерінің оқуы бұл жерде проблема туындатып отырған жоқ.

«ҰКҚМО» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы ел ішінде және елден тыс жерлерде қазақ тілін насихаттау мен дамыту ұстанымын ұстанады және отандық кинематографистерді мемлекеттік тілдегі өтінімдер жіберуге шақырады.

Мемлекеттік кино орталық өтінімдерді кез келген ресми тілде қабылдауға әзір және оларды Сараптамалық кеңестің барлық мүшелерінің толыққанды қарастыратындығына кепілдік береді.