ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі «ҰКҚМО» КЕАҚ жанындағы Сараптама кеңесінің 16 сарапшыдан тұратын жаңа құрамын бекітті (2022 жылғы 27 сәуірдегі №249 Қаулы), олардың ішінде отандық мәдениет пен өнер өкілдері, режиссерлер, продюсерлер, сценаристер мен кинотанушылар бар.

2022 жылғы Сараптама кеңесінің құрамы

АБДУӘЛИЕВ Ақан – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.     

АЙБАСОВ Жандос – актер, режиссер, продюсер.

ӘЛМҰРАТ Нұрғиса – режиссер, актер, сценарист.

БОРЕЦКИЙ Олег – кинотанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті.   

ДҮНГЕНБАЕВА Салтанат – сценарист, кинодраматург, редактор.

ЕЛУБАЙ Смағұл – жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

ЕРШОВА Марина – SC Distribution компаниясының директоры.

ЖОЛЖАКСЫНОВ Досхан - актер, кинорежиссер, Қазақстанның Халық әртісі.

ЖҰМАҒАЛИ Құрманбек – «31 арна» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры.

КҮРІШБАЕВ Еркебұлан – «Qara production» ЖШС атқарушы продюсері.

МАЕМИРОВ Асхат – «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК директоры, философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

МАНАБАЙ Дәмір – кинорежиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

МҰҚЫШЕВА Нәзира – кинотанушы, өнертану кандидаты, ҚазҰӨУ «Өнертану» кафедрасының профессоры.

САТЫБАЛДЫ Азамат – «Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨУ» РММ ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

ТАНЫСБАЙ Ләззат – «Qazaqstan» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

ТӨЛЕУТАЙ Ерлан - режиссер, сценарист, композитор.

 

Ақпарат үшін: 

«Кинематография туралы» ҚР Заңына сәйкес Сараптама кеңесі шығармашылық қызметкерлер мен сарапшылардан тұратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.  Сараптама кеңесінің ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Сараптама кеңесі туралы Ережеге сәйкес оның негізгі міндеті фильмді ұлттық деп тану бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Сараптама кеңесінің қызметіне мыналар кіреді:

1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қарау;

2) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру бойынша қорытынды дайындау;

3) фильмді ұлттық деп тану туралы немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдау;

4) Кеңестің құзыретіне жатқызылған өзге де функциялар.

 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2200000249

01.05.2022