Құрметті, достар, әріптестер!

Санаулы күндерден кейін біз Жаңа 2020 жылды қарсы аламыз. Бұл мереке бізге қысқы ертегіні, үйімізде жайлылықты, қуанышты және бақытты жылға деген махаббат пен үміт сыйлайды.

Жаңа жыл түні сіздің ең асыл армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Бірақ көптен күткен табыс пен өзгерістерге өз еңбегімізбен, күш-жігерімізбен және дарынымызбен қол жеткізуге болатынын ұмытпайық.

Өткен жыл бүкіл қазақстандық кинематограф үшін ерекше жыл болды. 3 қаңтарда Елбасы қол қойған "Кино туралы" заң қабылданды. Біз бұл заңды көп жыл күттік, енді міне, бізде өте маңызды өзгерістер орын алады.

«Кино туралы» заңның арқасында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды, ол Қазақстанды оның қайталанбас сұлулығымен жария ететін, біздің халқымыздың адамгершілік сипатын ашатын рухани, патриоттық күш беретін фильмдерді қолдауға арналған.

Тағы да, «Кино туралы» заңда ұлттық фильмдерді өндірушілер мен прокаттаушылар үшін тамаша жеңілдіктер қарастырылған. Алдағы уақытта бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізудің арқасында бізде кинопрокаттың ашық нарығы пайда болады. Рибейттердің іске қосылған жүйесі бізге халықаралық кинонарыққа шығуға нақты мүмкіндік береді. Жаңа жылда Қазақстанда Ұлттық кинокомиссия құрылады, ол дамыған елдердің халықаралық кинокомиссия қауымдастығының құрамына кіреді. 

Қазақстанның киноиндустриясы мұндай кең көлемдегі ауқымды қайта құруларды әлі бастан өткізген жоқ! Осының бәрі бізге ең батыл үміт пен армандарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біз мұны тек бірге, біртұтас және мықты команда бола отырып, жүзеге асыра аламыз.

Келер жаңа жыл сіздер үшін бақытқа толы: бай және перспективалы, көңілді және жарқын, тыныш және табысты жыл болсын!

Сізге және Сіздің жақындарыңызға бақыт және денсаулық тілеймін!

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

Басқармасының төрағасы

Гүлнара Сәрсенова