ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

2022 жылғы 5 мамырда «Хабар 24» телеарнасының эфирінде  в эфире телеканала «Хабар 24» вышел сюжет «Сенат Ұлттық қордағы ақшалай қаражаттың ысырап етілуіне наразы» (https://24.kz/ru/news/economyc/item/542484-v-senate-vozmushcheny-rastratoj-deneg-iz-natsfonda).

Аталған репортажда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өткен жылы Ұлттық қордан ұлттық фильмдерді ілгерілетуге 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтады. Бұл ретте қаражаттың көп бөлігі пайдаланылмаған.

- Бірінші сұрақ: не үшін бөлінді? Екінші сұрақ: берілгеннен кейін неге пайдаланылмады? Осыған байланысты, бізде онсыз да азайып бара жатқан Ұлттық қордан ағымдағы шығыстарға ақша бөлген қаншалықты дұрыс? Ұлттық фильмдерді ілгерілету керек, бірақ оларды Ұлттық қор есебінен емес, республикалық бюджет есебінен қаржыландыру қажет.  Ұлттық қор қаражатын пайдалануда бәрімізге тәртіп керек, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшылығы бұл мәселе бойынша өз тарапынан ресми түсініктеме беру қажет деп пайымдайды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан «ҰКҚМО» КЕАҚ арқылы екі киножоба қаржыландырылды: қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері және саяси публицист Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Соңғы үкім» көркем фильмі,   сондай-ақ, Шыңғыс Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты» повесінің желісімен шығарылатын Алтын Орда киноэпопеясының бірінші фильмі.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы аталмыш киножобаларды шығаруға конкурс жариялады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен ұлттық фильмдерді қолдау және оларды ілгерілету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру» бағдарламасы арқылы 2021 жылы киножобаларды қаржыландыру бойынша жұмыстар одан әрі мынадай тәртіпте жүргізіліді:

«Соңғы үкім» киножобасы бойынша (Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 08 маусымдағы №1 хаттамасы) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «ҰКҚМО» КЕАҚ арасында 2021 жылғы 16 қыркүйекте №92 қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды (2021 жылғы 08 қарашадағы №1 қосымша келісім). Алайда, түсірілім процесін жоспарлау мен жүзеге асырудың ерекшеліктеріне байланысты, «Folklore media» ЖШС өндірістік компаниясынан 2021 жылға жоспарланған өндіріс мерзімін өзгерту, қаржыландыруды азайту және тиісінше 2022 жылға 670 000 000 теңге мөлшерінде бюджетті ауыстыру туралы өтінішпен хат келіп түсті. 

«Шыңғысханның ақ бұлты» киножобасы бойынша (Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 28 қазандағы 4 хаттамасы), Министрліктен келіп түскен  2021 жылғы 26 қарашадағы №776 хаттың негізінде ақшалай қаражат қайтарылып,  1 500 000 000 теңге сомасына жасалған  2021 жылғы 16 шілдедегі №93 қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылды. Бұл бұрын көрсетілген мерзімде киноөндіріске бөлінген ақша қаражатын игерудің мүмкін еместігіне байланысты жасалды.   

Жоғарыда келтірілген ақпаратты ескере отырып, «ҰКҚМО» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген, жалпы сомасы 2 170 000 000 теңгені құрайтын мемлекеттік қаржы қаражаты киноөндірістің мерзімдеріне және түсірілім процесінің ерекшелігіне тікелей байланысты объективті себептер бойынша қайтарылғанына назар аударады.

12.05.2022