ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

25-26 тамызда Чехия астанасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған Қазақстандық кино күндері өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға Чех Республикасындағы ҚР Елшілігі үлкен көмек көрсетті.

Чехиядағы ҚР елшісінің кеңесшісі Азамат Әбсалықов кино күндерін аша отырып, Прагадағы Қазақстан халқының мәдениет күндері де басталғанын атап өтті.  

«Шетелдік әрі қазақстандық қонақтардың қатысуымен өтіп жатқан бұл ауқымды іс-шара екі халықтың да мәдени өмірінде аса зор маңызы ие  және елдеріміз арасындағы дәстүрлі достықты одан әрі нығайтуға қызмет ететіні сөзсіз», - деді ол.

Кино күндері аясында “Атлас” кинотеатрында Чехия көрермендеріне отандық “Патриоттар уақыты” және “Зере” картиналары көрсетілді. “Патриоттар уақыты” фильмін оның режиссері Серік Өтепберген таныстырды.

«Чех өлкесінде өз фильмімді көрсетуге өте қуаныштымын. Жыл басында Қазақстанда фильмнің ауқымды премьерасы өтті, картина Ресейде прокатталды. Қазір стриминг қызметтерінде қолжетімді. Мен және менің ұжымым фильм көп көрсетілім жинап келе жатқаны үшін ризамыз», - дейді режиссер. 

Сондай-ақ, ол фильмнің ірі бюджеттік жоба екенін, түсірілімі бірнеше елде өткенін және 40%-ы компьютерлік графикадан тұратын алғашқы Қазақстандық блокбастер екенін атап өтті.

«Режиссер ретінде, мен үшін көп бөлігі компьютерлік графикадан тұратын фильмді түсіру сынақ болды. Біздің еңбегімізге лайықты баға бересіздер деп үміттенемін», - деп қосты ол.

Екінші қазақстандық толықметражды картина “Зере” режиссер Дәурен Қамшыбаевтың дебюттік жұмысы. Фильмдегі басты рөлдерді Адина Бажан, Санұржан Сүлейменов, Мұрат Бисембин, Берік Айтжанов, Ольга Ландина, Елжас Рақым және басқалар сомдады, ал түсірілім Балқаш көлінің маңында, Мойынқұмның аясында орналасқан Тайсойған балықшылар аралында өткен.

Чехия ағымдағы жылы қазақстандық кино күндерін өткізу жоспарланған 15 жақын және алыс шет елдердің ішіндегі екінші мемлекет болды. Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының басында алғашқы Қазақстандық кино күндері Бішкекте өтті.

31.08.2022