Питчинг аяқталды

Сарапшылар кеңесі киножобалардың екінші питчингіне келіп түскен өтінімдерді қарауын аяқтады. Қазір байқауға қатысушылардың барлығы Ведомствоаралық комиссия отырысында өтінімдер соңғы рет қаралып болғаннан кейін жарияланатын нәтижелерді асыға күтуде.

Ал біз ең қызықты жобаларды қорғау қалай өткені туралы бірқатар өз материалдарымызды ұсынуды жалғастырамыз.

Өзінің тікелей қызметінен (атап айтқанда, киножобаларды мемлекет тарапынан қаржыландырудан) бөлек, әрбір питчинг отандық кинематографистер бүгінгі күні қандай тақырыптарға наарын бұрып, көңіл аударатыны жайлы толық мәлімет береді.

Толықметрлі жобаларды қорғау кезінде негізінен Ұлы Отан соғысы және ашаршылық жылдары тақырыбы қозғалды. Мәселен, екі киностудия бірдей («Қазақфильм» мен «Астана телефильм») ұшқыш Талғат Бигелдиновтың ерлігіне арналған жобаларын ұсынды. Продюсер Әлия Увәлжанова представила проект под названием «13-й  непобедимый» жобасын ұсынса, «Қазақфильм» АҚ президенті Арман Әсенов «Штурмовик 13» деп аталатын сценарийді қорғады.

Өз кезегінде "Медетфильм" кинокомпаниясы ҰОС тағы бір қаһарманы Әди Шаріпов туралы жобасын ұсынды.

Тарихи түсірілімдер желісін режиссер Айдын Сахаманов әлемге аты әйгілі музыкалық ұжымының өмір дерегіне арналған «Дос-Мұқасан» атты жобасымен жалғастырды. Жобаны қорғау кезінде қоюшы режиссер бұл музыкалық ансамбльдің өз хиттерін қалай сахнаға шығарғаны туралы ерекше фильмді мюзикл элементтерін қоып түсіргісі келетінін айтты. Бұл орайда ол келешекте  түсірілетін бұл киноны 2018 жылғы касса алымы мол болған хит – «Богемская рапсодия» фильміне қарап ойластырғанын атап өтті.

Дегенмен, байқауда қазіргі заман туралы қойылымдар да ұсынылды. Мысалы үшін айтсақ, Асқар Бисембин өзінің сегіз жасар қызының идеясына негізделген «Билет из рая» драмеди жобасын назарға ұсынса, Асқар Ұзабаев «Адам мен Алма» лирикалық комедиясын қорғады. Бұл қойыламға ол ресейлік шоу-бизнестің жұлдыздары  – стэндап-комик Нұрлан Сабуров пен атақты әнші қызымыз Нәзиманы қатыстыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Сонымен қатар питчингке пост-продашкн кезеңінде тұрған жобалармен қатар прокатқа шығарылып жатқандары да қатысты. Атап айтсақ, актер әрі каскадер Жандос Айбасов «Жаным, ты не поверишь!» комедиясы жөнінде әңгіме қозғады (тағдырдың талайына қарай, дәл жобаны қорғау жүріп жатқан күні оның премьерасы да өтіп жатты). Ал «Аға» түсірілімінің авторлары Сарапшылар кеңесін осы фильмнің трейлерімен таңқалдырды, оның стилистикасы, бейнелері мен сюжеті Киану Ривздің Голливудтағы қызметін қайта жандандыруға себепкер болған «Джон Уик» экшн-хитіне қатты ұқсас екен.

Ауқымы мен дайындығы жағынан ең айшықты әсер еткені Рашид Нұғмановтың  шытырман оқиғалы «Құдай» атты жобасы болды. Референс ретінде автор Акира Куросаваның «Расемон», Квентин Тарантиноның «Криминальное чтиво» және Дени Вильневтің «Убийца» түсірілімдерін атады.  Және де Нұғманов кастинг мәселесін ерекше түрде шешіп, бұл фильмнің қазақстандық, ресейлік және еуропалық бірден үш нұсқасын дайындап келіпті. Бұл киноға түсуі ықтимал актерлердің есімдерін де атап қойды, олардың қатарында Константин Хабенский, Санжар Мәди, Аружан Жазылбекова, Ева Грин, Ольга Куриленко, сондай-ақ рэпер Әділ Жәлелов (көпшілік көрерменге «Скриптонит» лақап атымен белгілі) және «Кино» тобының гитарашысы Юрий Каспарян бар.