ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Бүгін таңертең Лос-Анджелесте Америкалық «Оскар» киноакадемиясы сыйлығының 94-ші марапаттау рәсімі өтті. Шиан Хедердің «CODA: саңырау ата-ананың баласы» және Дени Вильневтің  «Дюна» картиналары кештің басты жеңімпаздары атанды.

CODA – саңырау балықшылардың отбасында есту қабілеті сау болып туған қыздың оқиғасын баяндайтын тәуелсіз картина күтпеген жерден Джейн Кэмпионның «Власть пса» және Кеннет Брананың «Белфаст» сияқты маусым үздіктерін басып озып, негізгі марапатқа ие болды. Сондай-ақ, Шиан Хедердің фильмі «Үздік бейімделген сценарий», «Екінші дәрежедегі үздік актер» номинацияларында жеңіске жетті.    

фото imdb

Ал миллиондаған кассасы бар «Дюна» блокбастері  техникалық номинациялардың барлық мүсіндерін алды.  Нәтижесінде, Дени Вильневтің ұжымы «Үздік дыбыс», «Үздік монтаж», «Үздік әуен» (Ұлы Ханс Циммердің екінші жеңісі), «Үздік қоюшы суретшінің жұмысы», «Үздік оператор» және «Үздік арнайы эффектілер» номинацияларындағы 6 «Оскармен» марапатталды.    

фото imdb

Актерлік номинациялардан көрермен сүйіктісі Уилл Смиттің жеңісін атап өтейік, ол «Король Ричард» фильміндегі атақты теннисшілер Серена мен Винус Уильямстердің әкелерінің рөлін сомдағаны үшін «Үздік ер адам рөлі» сыйлығын алды. Смит тіпті сахнада көзіне жас алды. Осыған ұқсас әйелдер санатында Джессика Частейн «Томми Фейдің көздері» картинасы үшін марапатталды.  

фото imdb

 

Екінші жыл қатарынан Джейн Кэмпион «Власть пса» картинасында жұмыс істегені үшін үздік режиссер деп танылды. Британдық  «Белфаст» картинасына тек «Үздік бірегей сценарий» сыйлығы бұйырды. Кештің сүйікті фильмі – Стивен Спилбергтің «Вестсайд оқиғасы» Ариана ДеБозға берілген «Екінші дәрежедегі үздік актриса» номинациясында ғана жеңіске жетті.     

Бондиананың композициясы тағы да үздік ән атанды – бұл жолы Билли Айлиштың орындауындағы «No Time To Die» әні жеңіске жетті. Disney студиясының жаңа туындысы – «Энканто» «Үздік анимациялық фильм» сыйлығын, ал Жапондық «Менің көлігімнің рөліне отыр» картинасы «Үздік шетелдік фильм» сыйлығын алды. 

Биыл біздің елден Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы «Оскарға» ұсынылды, бірақ, өкінішке қарай, үміткерлердің соңғы қысқа тізіліміне енгізілмеді.

28.03.2022