Онлайнда уақытты қолайлы әрі пайдалы өткізу туралы ұсыныс-кеңестер

Құрметті достар,

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұжымы республикамыздың қос астанасы әрі мегаполистері Нұр-Сұлтан мен Алматыда төтенше жағдайға байланысты карантин жарияланған осы қиын-қыстау кезеңде барлық қазақстандықтарға айтылған қолдау сөздеріне қосылады.

Сіздерді сабыр сақтап, үкіметіміздің ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кеңестерін орындауға шақырамыз.

Карантин кезінде бос уақыттарыңызды қолайлы әрі пайдамен өткізулеріңіз үшін, ересектерге де, балаларға да осы кезеңді қауіпсіз жағдайда әрі барынша қызықты өткізуге мүмкіндік беретін белсенді нәрселер жиынтығын ұсынамыз.

Сіздерге зор денсаулық және амандық тілейміз!

Beeline барлық қолжетімді теледидар арналарын ашты

Карантин жарияланып, барлық іс-шараларға тыйым салынып, кинотеатрлардыің жұмысы шектелген жағдайда қазақстандықтарды қолдау үшін Beeline Қазақстан көрермендерге ешбір қосымша ақысыз барлық теледидар арналарын ашып беруді ұйғарды.

Tengrinews.kz

Мультиктердің күшін пайдаланыңыз

Мектепке дейінгі бүлдіршіндерге ағылшын тілін үйренуге көмектесетін 10 мультсериал. Балаларға көріп жүрген мультфильмдері зор әсер етеді. Ендеше мультиктердің күшін неге игілікке пайдаланбасқа? «Мел» бүлдіршіндерімізге ағылшын тілінен бастапқы білім беретіндерін таңдапты.

Mel.fm

Premier бейнеплатформасының сыйлығы

ТНT телеарнасы Premier-дің бүкіл тегін кіру мүмкіндігін беріп отыр. Ол контентке бүкіл әлемде мүлдем тегін кіруге болады. Тегін қолжетімділік алу үшін тек AppStore/Google Play-де немесе Smart TV LG Store не Samsung-тың Apps қолданбасында тіркеуден өтіп, Premier қолданбасын ең соңғы нұсқасына дейін жаңартқаныңыз жеткілікті болады.

Жамбыл ат. филармония арнасына жазылыңыз

Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы онлайн режимде жұмыс істейді. Концерттерді Telegram және Youtube арналарында онлайн режимде көруге болады.

Telegram

Youtube

Әлемнің 35 мұражайын онлайн көруге болады

Әлемнің жетекші мұражайлары өз топтамаларын цифрлық форматқа ауыстырып, шедеврлердің суреттерін еркін көруге беріп жатыр. Олардың негізгілеріне Google Arts & Culture арқылы кіруге болады.

Interior.ru

Карантин кезінде балаларды немен айналдыруға болады

Балаларға арналған дамытатын ән-күйлі қазақша мультфильмдер балаларыңызға қазақ тілін сәби шағынан оп-оңай әрі тез меңгеріп алуға көмектеседі. Әсерлі кейіпкерлер, қызықты оқиғалар әрі көңілді әуендер қазақ тілін оқып-үйренудің берік іргесін қалап, балалардың болашақта тіл ұстартуды жалғастыруға деген құлшынысын туғызары анық!

Bilimkids.kz

Карантин кезінде операға барамыз ба? Оп-оңай!

Вена операсы өз спектакльдерін онлайн режимде көрсете бастады.

Wiener-staatsoper.at