Құрметті әріптестер,
ҚР "Кинематография туралы" Заңына және Мемлекеттік қаржыландыруға үміткер киножобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес ашық конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін жариялануы тиіс.
Алайда, 2022 жылғы 29 қыркүйекте ҚР "Кинематография туралы" Заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Осыған орай қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдармен келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2023 жылғы конкурстық іріктеуге өтінімдерді қабылдау мерзімі мен шарттары туралы қосымша хабарлайды.
13.01.2023