Навин Мохаммед Али: Алматы – бұл үздік декорация

«Біз түсірілімді Алматыға ауыстырғанымызға өте қуыныштымыз. Уақытымызды, ақшамызды үнемдей алатынымызды, сапасын Еуропадағыда да жақсырақ ете алатынымызды түсіндім», - деп санайды үнді режиссері Навин Мохаммед Али.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан шетелдік фильмдерді түсіру үшін ашық алаң болып отыр. «Кино туралы» заңның аясында «рибейт» ұғымы енгізілді, яғни шетелдік компаниялардың Қазақстан аумағында кино түсіру үшін жұмсаған шығындарын өтеп беру (цифр 30%-ға дейін өзгереді). Бүкіл әлем дәл осындай жүйемен жұмыс жасайтындықтан, бұл өте маңызды. Алматы қаласының әкімі айтқандай, Оңтүстік астана кино түсірілімі мен өндірісі үшін қолайлы қала болып табылады. Бес климаттық белдеу, табиғаттың көз тартар сұлулығы, дамыған инфрақұрылымы: тарихи фильмдерден бастап фэнтезиге дейін кез-келген жанрда кино түсіруге мүмкіндік береді. «Қазірдің өзінде Алматы мен Алматы облысына әлемге танымал клиптер, жарнамалар мен деректі фильмдер түсіру үшін түрлі елдерден студиялар келді», - деді Б.Сағынтаев Almaty Investment Forum аясында.

Үнді режиссері Навин Мохаммед Алидің Алматы қаласына деген махаббаты «Отты қанат» фильмінің сценарийін қайта жазып шығуға мәжбүр еткені осы сөздерді растайды. Бұл тамаша хикаяны TengriMIX корреспондентіне режиссердің өзі айтып берді.

30 маман мен кино жұлдыздарынан тұратын түсірілім тобы Алматыда жүргеніне екі ай болды. Түсіріліп жатқан бұл фильм – боевиктің элементтері бар триллер. Онда отбасылық жәдігер іздеу мақсатында Қазақстанға жол тартқан 22-жасар қыздың тағдыры баяндалады.

Ниавин Мохамед Алидің айтуынша, фильмнің сценарийі бірнеше рет өзгертіліпті. Бастапқыда оқиға Еуолпа мен Түркияда түсірілуі тиіс болатын, бірақ натурадан түсіру бағасы қымбат болғандықтан, бюджетті қысқартуға тура келген. Навинге досының Қазақстан туралы және өзінің әріптестерінің көбі жұмыс істеу үшін Орталық Азия елдерін таңдап алғандары туралы айтқаны Навинге көмегін тигізді. Кейіннен оған қазақ каскадерларына да қарап көруге кеңес берген. Ол Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын таңдауда ұзақ ойланды. Алматының тауларын, Шымбұлақты, Үлкен Алматы өзені мен Шарын шатқалын көргенде, өзінің туындысы үшін тамаша локациялар тапқанын түсінді:

"Алматының әдемілігін, табиғатын, қар басқан тауларын, құмды даласын, : америкалық Гранд-Каньоннан кем емес көз тартар әсем шатқалдарын, басқа да көптеген көркем жерлерін суреттеуге сөзім жетпейді, Оған қоса, қала өте заманауи. Түсірілімді Алматыға ауыстырғанымыз үшін өте қуаныштымыз, өзімізді өте бақытты сезінеміз. Уақытымызды, ақшамызды үнемдей алатынымызды, сапасын Еуропадағыда да жақсырақ ете алатынымызды түсіндім

Жергілікті биліктен рұқсат алу бойынша ешқандай да қиындықтар болмағанын атап айтқым келеді. Бір метрода бір аптадан түсірілім жүргіздік. Бізге локацияны тегін беріп қана қоймай, массовка мен күзетті ұйымдастыруға да көмектесті. Менің тәжірибемде мұндай бұрын-соңды болған емес.

Сіздердің Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, сосын әрине, Шымбұлақта, Шарын шатқалында түсірілім жасау жоспарда бар. Табиғаттарыңыз өте тамаша, бүкіл түсірілім тобы таңданыс білдіруде. Біз Үндістанның оңтүстігінен, Ченнаи қаласынанбыз, онда ешқашан қар жаумайды. Алматыға келген алғашқы күні қар жамылған тауды көрген кезде, жұмаққа түскендей болдық. Адамдары жылы шырайлы, мейірімді, тамақтары дәмді», деп өз ойымен бөлісті режиссер.

Алматыны ол ең үздік кинодекорация ретінде атады, бір жағынан таулары, ал екінші жағынан – шатқалы: якино жарыққа шыққаннан кейін Қазақстан үнді инвесторлары мен туристер үшін тамашалап көруге, келуге ұмтылатын жерге айналады».

Соғында, режиссер сценарийін толықтай өзгертіп, түсірілімді Ресей мен Қазақстанға ауыстырды: «Сценарийде қазақстандық бөлігі пайда болды. Оқиға барысындағы басты кейіпкердің анасы – қазақ қызы. Әкесі – үнді саясаткері. Оқиға Қазақстанда басталып, осы жерде бітеді. Фильм түсіріліміне біз қазақстандық актерлерді де қатыстырмақшымыз. Қазіргі уақытта біз басты кейіпкердің анасы мен оның бала кезін ойнайтын актерлерді іздеп жатырмыз».