Мемлекеттік қаржыландыруды алуға үмітті киножобалардың кезекті конкурстық іріктеу кинематография саласының қолданыстағы заңнаманың бірқатар проблемаларын ашты.
Қалыптасқан қиын жағдайды түсініп және қоғамдық резонансты ескере отырып, ҰКҚМО өкілдері конкурстық құжаттаманы ресімдеу кезінде жіберілген бұзушылықтар бойынша қажетті түсініктемелер бере отырып, кинематографистермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
Бұдан басқа, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің, Сараптамалық кеңестің қатысуымен жұмыс кеңестері өткізілді, олардың қорытындысы бойынша қабылданбаған жобалар бойынша шығарылған барлық шешімдердің заңдылығы қолдау тапты.
ҰКҚМО басшылығының пікірінше, конкурстық іріктеудің қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізуді көздейтін мәселелерді шешу кезінде мемлекет пен кино қоғамдастығы арасындағы сындарлы диалогты дамыту қажет.
Кино орталығының басшылары мен кинематографиялық қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері арасында болған кездесу де осы өзекті мәселе талқыланып, оларды шешу жолдарын табуға арналды.
Ұзақ және қиын әңгіменің нәтижесінде тараптар бір ауыздан негізгі мәселелерді анықтады. Олардың ішіндегі ең бастысы – саланың нормативтік-құқықтық базасына өзгерістер енгізу ғана емес, сонымен қатар, оның дамуының барлық заманауи үрдістерін ескере отырып, «Кинематография туралы» Заңның өзін одан әрі жетілдіру қажеттілігі.
– Осы мақсатта бізде арнайы құрылған жұмыс тобы бар, – деп Ұлттық кинематографиялық өнер академиясының президенті Рашид Нұғманов еске салды. – Ол кинематографиялық қоғаммен бірқатар кездесулер өткізе алады, интернетте талқылау мен пікірлер жинауды ұйымдастыра алады, осылайша әркім өз түзетулері мен толықтыруларын енгізе алады. Осындай жұмыстан нәтиже шығады!
- Бізде қолданыстағы заңнама бойынша бірқатар маңызды ескертулер бар. Олардың көпшілігі саланың жұмысын реттеу мәселелерінде қоғамдық кинематографиялық ұйымдардың рөлін күшейтуге бағытталған. Мәселен, кино орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің құрамы Кинематографистер одағы, Ұлттық академия және басқа да кинематографиялық бірлестіктер ұсынған кандидатуралардан құрылуы тиіс деп санаймыз, – деп, «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев қолдады.
Кездесу нәтижесінде тараптар үш негізгі мәселе бойынша келісімге келді. Біріншісі – жеке кинематография комитетін құру туралы ұсыныстар енгізу. Екіншісі – қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді өзгерту. Үшіншісі – қолданыстағы «Кинематография туралы» Заңға түзетулер енгізу жөніндегі заңнамалық бастамалар.
20.04.2023