Миссия орындалуда: Мемлекеттік киноорталықта питчингке дайындық қалай жүруде

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында питчингке – мемлекеттік қаржылай қолдау көрсету үшін конкурс шеңберінде ұлттық фильм мәртебесіне үміткер киножұмыстарды қорғауға дайындық қызу жүруде.

Естеріңізге сала кетсек, жеті санат бойынша барлығы 215 киножоба қаралуы тиіс. Бұл 2019 жылғы мамырдың соңында өткізілген алдыңғы питчинг шеңберінде берілген өтінімдер көлемінен екі еседен астам көп. Қазан айында жарияланған конкурсқа кинематографистердің нақ осы күтпеген жоғары қызығушылығына байланысты киножобаларды ашық қорғау мерзімі қаңтардың соңына ауыстырылды. Бұл уақытқа ең лайықты, қызықты және маңығасы терең картиналар іріктелуі тиіс.

Бұл ретте өтінімдердің көпшілік бөлігі коммерциялық прокатқа бағытталған көркем фильдерден түсті – 66. Дебюттік картиналарға 38 өтінім берілді. Деректі және қысқа метражды фильмдерге – тиісінше 34 және 31 өтінім. 18 жұмыс анимациялық жанрда келіп түсті. Халықаралық бірлескен өнім 15 жобамен ұсынылды. Авторлық/артхаустық картиналар - 13.

Бұрын хабарланғанындай, «ұлттық фильм» атағына халықаралық фестивальдерге қатысу үшін толық әлеуеті бар авторлық картиналар да, көпшілік көрерменге арналған коммерциялық көркем және анимациялық фильмдер де үміткер бола алады.

Картиналарын шығаруға қаржыдан басқа, жұмыстары «ұлттық фильм» мәртебесін алған қазақстандық кинематографистер корпоративтік табыс салығынан босатыла алады. Салық жеңілдігі картина прокатынан 20%-ды құрайды.

Киножобаларды Сарапшылық кеңес алдында ашық таныстыру тікелей эфирде, онлайн-режимде өтеді. Нәтижелері шығарылғаннан кейін киножобалар Ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылады. 

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтетін күн қосымша жарияланатын болады.