ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

29.09.2021

Сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, өнер және мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына арналған іс-шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, сондай-ақ «Кинематография туралы» Заңға енгізілетін толықтырулар туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл Сараптама кеңесі мен Ведомствоаралық комиссия мақұлдаған 42 киножобаны қаржылай қолдау жоспарланған.

Толық мәтін сілтеме бойынша https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-mdeniet-zhne-sport-ministri-aktoty-rayymkulovany-kabyldady-2881854