ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Режиссер Самғар Рақымның "Көше ақыны" атты қысқаметражды фильмі 3 сәуірде АҚШ-тың Аннаполис қаласында өткен Annapolis Film Festival фестивалінде "Үздік қысқаметражды фильм" номинациясында көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды.

Annapolis Film Festival - 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан түрлі панелдерден, пікірталастар алаңдарынан және арнайы көрсетілімдерден тұратын тәуелсіз кинофорум.

"Көше ақыны" фильмінің жобасы 2020 жылғы ГЦПНК байқауының жеңімпазы атанған. Сценарий негізінде   әке мен баланың өзара қарым қатынасы тақырыбы жатыр. Фильм авторлары көрермендерге мынадай ғибратты еске салады: ұрпақтар қақтығысы әрқашан болған және болады, бірақ жастарды тыңдауға деген ұмтылыс, ата-бабаларымыз мұра еткен құндылықтарды сақтай отырып, уақыттың жаңа тенденцияларына бейімделе білу – бекер  ысыраптан, жанжалдар мен түсініспеушіліктерден құтқаруы тиіс… 

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында "Көше ақыны" АҚШ-та Нью-Йорктегі Meihodo International Youth visual Media Festival халықаралық кинофестивалінде күміс жүлдеге ие болды. Ал өткен жылы Baiqonyr International Short Film Festival фестивалінде картина "Үздік монтаж" номинациясында марапатқа ие болды.

06.04.2022