2023 жылғы конкурстық іріктеуді өткізу қағидаларына байланысты сұрақтарға жауаптарды жариялауды жалғастырамыз.
Конкурстық іріктеуге жеке тұлғалар қатыса ала ма?
Киножобаларды іріктеу қағидаларына сәйкес, өтініш беруші кинематографиялық қызмет субъектісі - заңды тұлға нысанындағы кинематографиялық ұйым бола алады. Сондай-ақ, жеке тұлға түріндегі кәсіпкерлік субъектісі, атап айтқанда жеке кәсіпкер өтініш беруші бола алады. Екі жағдайда да өтініш берушінің негізгі қызметі фильм өндірісі болуы керек.
Компанияның кәсіби қызметі туралы материалдар конкурсқа қандай түрде беріледі?
Компанияның кәсіби қызметі туралы ақпаратты растайтын материалдар конкурсқа еркін түрде берілуі мүмкін.
Өтінім құжаттамасының тізімінде өтінім беруші кинематография саласында іске асырылған жобалардың болуы туралы растайтын материалдарды ұсынуы тиіс екенін ескеріңіз (мұнда өндірілген фильмдердің қарапайым тізімі жеткілікті). Сондай-ақ, іске асырылған жобалардың болуы туралы талап дебюттік фильмдерге қолданылмайды.
Конкурсқа прокат туралы келісімді ұсыну керек пе?
Бұрын мұндай келісім-шарт өтінім беру сатысында ұсынылуы керек еді. Алайда, киножобаларды іріктеудің жаңа ережелеріне сәйкес прокат туралы келісім өтінім құжаттамасының тізімінен алынып тасталды.
Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде туындайтын негізгі проблемалар қандай?
Өткен жылы ұсынылған киножобалардың негізгі проблемаларының бірі әлсіз әкімшілік компонент болды. Байқауға қатысушылар қолданыстағы заңнаманы, атап айтқанда "Мемлекеттік сатып алу туралы" және "Кинематография туралы" заңдарды жақсы білмейді. Кейбір конкурсанттар Шарттың ережелерін және техникалық ерекшеліктерін зерттемейді. Нәтижесінде қаражаттың дұрыс бөлінбеуі, күнтізбелік-сахналау жоспарында белгіленген өндіріс мерзімдерінің орындалмауы, сондай-ақ құжат айналымындағы бұзушылықтар орын алады.
17.03.2023