Құрметті әріптестер!
Өздеріңіз білетіндей, 9 тамыздан бастап 2023 жылғы киножобаларды конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдап жатырмыз.
Уәде еткенімдей, конкурсқа қатысуға ниет білдіргендердің барлығына біз төрт бағыт бойынша:
Атап айтқанда, Кинематографиялық Өнер және ғылым академиясымен бірлесіп AlmaU университетінің базасында ашық семинар өткіздік. Шара брифинг форматында өтті және киногерлерге конкурсқа қатысты нақтылаулар мен нюанстарды түсінуге көмектесті.
Осы уақыт ішінде біздің кеңседегі жеке консультацияларға жүзден астам адам келді.
Бірақ мені алаңдататын бір жағдай бар. Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуына бір апта ғана қалды. Ал, бүгінгі таңда конкурсқа қатысу үшін тек 10 өтінім ресми түрде келіп түсті.
Осыған байланысты сіздерге тағы да өтініш білдіргім келеді.
Әріптестер, бәрін соңғы күнге қалдырудың қажеті жоқ. Бұрын айтқанымдай, орынды мерзімде құжаттарды уақтылы тапсыру қателіктер мен асығыс өтінімдерден аулақ болуға мүмкіндік береді.
Сіздерден өтінімдерді тездетулеріңізді сұраймын. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
"ҰКҚМО" КЕАҚ басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали
22.08.2023