ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

2023 жылғы конкурсқа қатысатын киножобаларды ашық қорғау 3-5 қазан аралығында Алматы қаласында өтеді.

Қатысушылар өз жобаларын "Қазақфильм" киностудиясында (Әл-Фараби даңғылы, 176, «Кино алаңы») Сараптамалық кеңеске ұсынады.

Байқауға қатысушылар кестеде көрсетілген уақыттан 30 минут бұрын келуі керек.

Өзіңізбен бірге жобаның презентациясы электронды түрде болуы тиіс. Бұл бейнеролик (MP4), слайд-шоу, PowerPoint немесе PDF форматындағы файл болуы мүмкін.

Бір жобаның презентациясына 10 минутқа дейін уақыт беріледі (ПИТЧ 5 минут, СҰРАҚТАР 3 минут, жобаның ауысуына 2 минут).

Ашық қорғау Киноорталықтың ресми YouTube-каналында онлайн-режимде көрсетіледі.

2023 жылғы киножобаларды ашық қорғау кестесі

18.09.2023