ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Құрметті әріптестер!

Сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы киножобалардың конкурстық іріктеуіне құжаттарды тапсыру мәселесіне қатысты жекелеген тармақтар түсіндірмесін ұсынамыз.

Фильмнің санаты туралы

«Ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларды қаржыландыру көлемін белгілеу үшін оларды санаттарға жатқызу критерийлерін айқындау туралы» Ережеге сәйкес барлық фильмдер келесі бес санатқа бөлінеді:

  • әлеуметтік маңызы бар фильмдер;
  • дебюттік фильмдер;
  • оқиғалы фильмдер;
  • бірлесіп түсірілген фильмдер;
  • ойын фильмдері (кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған).

Жоғарыда аталған санаттардың бірі Өтініште жазылған «Фильм санаты» бағанында көрсетілуі тиіс.

Фильмдердің жанры туралы

«Жанр» түсінігі «Кино туралы» Заңда және тиісті құқықтық-нормативті актілерді көрсетілмегендіктен, Өтінішті толтыру кезінде «Жанр» бағанына төмендегі жазылған фильмнің түрін таңдау қажет:

  • анимациялық фильм;
  • деректі фильм;
  • ойын фильмі;
  • хроникалық фильм.

Фильмнің түрін нақтылау киножобаларды қаржыландыру көлемінің нормативін анықтау үшін қажет.

Өндіріс сметасы туралы

Өндіріске арналған «Смета» «Ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобалар өндірісін қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру көлемінің нормативтеріне» сәйкес келуге тиіс. Бұл сметада продюсердің барлық меншікті, өтеусіз тартылған қаражат, несиеге/қарызға алынған, қайтарылатын қаражат және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен мемлекеттік қолдау түрінде алынған қаражатты қоса алғанда фильм өндірісінің толық сметалық құны міндетті түрде көрсетуге тиіс.

Шығармашылық топ мүшелерінің өмірбаяндық мәліметтері туралы

Келесі ақпараттар минималды қажет ақпараттар болып табылады:

  • тегі, аты, әкесінің аты
  • туған күні,
  • тұрғылықты мекен-жайы,
  • білімі

Толық ақпарат беру құпталады, бірақ оның болмауы қате болып саналмайды.

21.08.2023