ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Құрметті ашық конкурстық іріктеуге қатысушылар!

Қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес «Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ы 2023 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу үшін 6 мен 30 наурыз аралығында құжаттарды қабылдауда. Киноорталықтың сайтында конкурс өткізу туралы барлық ақпарат орналастырылған. Конкурсқа құжаттарды іріктеу бойынша жұмыс штаттық режимде жүргізілуде.

Сонымен қатар конкурстың беделін түсіру әрекеттері байқалуда, атап өтсек орталық қызметкерлерінің конкурстан өтуге заңсыз көмек көрсетуі туралы қауесеттер таратылуда.

Осыған байланысты Орталықтың басшылығы барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың кез-келген фактілерін алдын алу мақсатында ұйымның комплаенс-қызметіне хабарлауды сұрайды. Комплаенс-қызметінің телефоны – 8 707 974 0323.

30.03.2023