ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Соңғы жылдары мемлекетіміз кинематография саласына назар аударып, оған қомақты қаржы бөлуде, ал кино қауымдастығы өз тарапынан халық ақшасы не үшін жұмсалып жатқаны туралы сұрақтарға дайын болуы керек.

Өкінішке орай, біздің киноөндірушілер мемлекеттің сеніміне әкелетін жауапкершілік дәрежесін әрдайым түсіне бермейді. Кейбір компаниялар конкурс кезінде өздерінің болашақ жобаларын асыра мақтап, оларға қаражат алады да, ал соңында прокатқа шыққан өнім өндіріске жұмсалған соманың оннан бір бөлігін қайтармайтын, тіпті сөреде қалатын фильмдер шығарады. Бұл мемлекеттік ақшаға деген олардың тек тұтынушылық көзқарасын көрсетеді.

Осыған байланысты біз биылғы жылы қатаң шара қолданып, прецедент жасадық: қазіргі уақытта қаржылық жағынан да, шығармашылық жағынан да жозыықсыз жеткізушілерге қатысты Киноорталықтың шағымдары бойынша бес іс сотта қаралуда. Бүгінгі таңда олардың төртеуінде, атап айтқанда "Ашина. Көк бөрілер туралы аңыз " ("Dala Animation" ЖШС - 45 535 714 теңге), "Өркеш" ("Аday Production" анимациялық орталық" ЖШС - 34 821 428 теңге), "Алмалы" ("Kemel Production" ЖШС - 40 178 571 теңге) анимациялық фильмдері және "Все на мослы" ("Render Films" ЖШС - 4 853 644 тг) көркем фильмі  бойынша біздің өтініштер қанағаттандырылды және сот шешімімен ақша бюджетке қайтарылады.

Біз баршаңызды, әсіресе жаңа конкурсқа қатысушыларды - осы ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

03.04.2023