6 маусым Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі Роза Кәрібжанованың төрағалығымен Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті.
Сондай-ақ отырысқа ҰКҚМО Директорлар кеңесінің басқа мүшелері де қатысты: ҚР ҚМ ММЖК Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Әсемгүл Жайжұманова,ҰКҚМО Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Ғани Қасымов және кинопродюсер Борис Чердабаев.
Отырыстың күн тәртібі бірқатар мәселелерді қамтыды.
Аудиторлық тексеру қорытындысы бойынша Қоғамның 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілді, сондай-ақ 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның Даму жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді.
Директорлар кеңесі Қоғамның Ішкі аудит қызметінің 2021 жылы атқарған жұмысы туралы есепті назарға алды және Ішкі аудит қызметінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын қарады.
06.06.2022