ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

Құрметті әріптестер!

Ағымдағы жылдың басынан kazakhcinema.kz сайтын, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарды қамтитын «ҰКҚМО» КЕАҚ ақпарат көздерінің тақырыптық форматына өзгерістер енгізілді.  

Басқарма шешіміне (2023 жылғы 8 ақпандағы № 01/23 хаттама) сәйкес, ҰКҚМО ақпарат көздерінде мынадай сипаттағы жарияланымдар орналастырылуы мүмкін:

  • ҰКҚМО қызметі туралы материалдар мен хабарламалар;
  • ҰКҚМО қолдау көрсететін кинофильмдер туралы материалдар мен ақпарат;
  • ҰКҚМО қатысатын жобалар туралы ақпарат;
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен жариялауға ұсынылған ақпарат;
  • жоғары басқару ұйымдарының медиа-қолдау жоспарына кіретін оқиғалар мен атаулы күндер туралы хабарламалар;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелері, әлемдік және отандық кинематография саласындағы кәсіби мерекелерге орай құттықтаулар.

Туған күндер мен  мерейтойларға арналған құттықтауларды қоса алғанда, кинематография саласы қызметкерлеріне арналған жеке құттықтаулар ҰКҚМО ресми ақпарат көздерінде арнайы жарияланбай, тікелей олардың байланыс мекенжайларына жіберілетін болады.

08.02.2023