ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Киножоблардың ашық қорғауы басталды

Бүгін, 8 қыркүйек, Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауы басталды.  

Бес күн бойы (8-10 қыркүйекте Ұлттық кітапханада, 13-14 қыркүйекте ҰКҚМО ғимаратында)  кино индустриясы мойындайтын мамандардан құралған ұжым кейін Ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілетін жобаларды іріктейтін болады.    

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов төрағалық еткен Сараптама кеңесі өтінімдердің рекордтық санын – 510-ға жуық өтінімді қарастырды. Салыстыратын болсақ, конкурсқа 2019 жылғы 109, ал 2020 жылы 226 өтінім берілген.   

Нәтижесінде қорғауға 149 жоба жіберілген. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар ойын фильмдерінің саны – 28, деректі фильмдер – 18, кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдері – 15, халықаралық бірлесіп шығарылатын фильмдер – 11, анимация – 10, дебюттік қысқа метражды фильмдер – 14, дебюттік толық метражды фильмдер – 5, авторлық-6. Қорғауға толық қатысатын «Қазақфильмнің» 42 жобасын да атап өткен жөн. 

Мемлекеттік қаржыландыру үшін бәсекелесетін жобалардың толық тізімімен және питчинг кестесімен ҰКҚМО сайтында таныса аласыз. 

Ашық қорғау ҰКҚМО ресми YouTube арнасында онлайн режимде көрсетілетін болады.    

Біздің www.kazakhcinema.kz сайтындағы жаңалықтарды бақылап отырыңыз.

08.09.2021