ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Киножобалардың ашық қорғауы аяқталды

16.09.2021

«ҰКҚМО» КЕАҚ жанындағы Сараптама кеңесі 2021 жылы мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобаларды қарастыруды аяқтады. Еске сала кетейік, биыл өтінімдердің рекордтық саны – 500-ден астам киножоба қаралды.  

Бес күн бойы түсірілім тобының өкілдері Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов төрағалық ететін Сараптама кеңесінің алдында өз жұмыстарын қорғады. Питчинг нәтижелері бойынша іріктелген жобалар енді Ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі, ол мемлекеттік қаржыландырудан үмітті фильмдердің соңғы тізімін бекітеді.

Кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Сараптама кеңесінің оң қорытындысы мен Ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде ұлттық фильмдерді шығарудың тақырыптық жоспарына енгізген киножобалар жарияланады.  

Естеріңізге сала кетейік, киножобалардың ашық қорғауы ҰКҚМО-ның ресми YouTube арнасында онлайн режимде көрсетілді. Қазіргі уақытта питчингтің бейнежазбасы біздің YouTube арнамызда жарияланған.