ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

2023 жылғы конкурсқа қатысатын киножобаларды ашық қорғау 22-25 мамыр аралығында Алматы қаласында өтеді.

Қатысушылар өз жобаларын 22, 23 және 24 мамырда "Алматы" қонақ үйінде (Қабанбай батыр көшесі, 85), 25 мамырда – "Қазақфильм" киностудиясында (Әл-Фараби даңғылы, 176) Сараптамалық кеңеске ұсынады.

Байқауға қатысушылар кестеде көрсетілген уақыттан 30 минут бұрын келуі керек.

Өзіңізбен бірге жобаның презентациясы электронды түрде болуы тиіс. Бұл бейнеролик, слайд-шоу, PowerPoint форматындағы файл болуы мүмкін.

Бір жобаның презентациясына 10 минутқа дейін уақыт беріледі.

2023 жылғы киножобаларды ашық қорғау кестесі

03.05.2023