Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мынадай тақырыптар бойынша толықметражды киножобаларды шығару үшін байқау жариялайды:
1. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбек жолына арналған фильм;
2. Алтын Орда тарихына арналған фильм;
3. Белгілі ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған фильм.
Фильмдердің өндірісіне қойылатын талаптар:
- Форматы: толықметражды көркем фильм.
- Фильмнің ұзақтығы 90 минуттан кем болмауы тиіс.
- Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 17.05.2021 ж. - 31.05.2021 ж. аралығында.
Өтінімді келесі сілтемедегі арнайы нысан арқылы жібере аласыздар https://kazakhcinema.kz/kz/basty-bet/tinish.html
Байқауға қатысу бойынша қосымша кеңесті қашықтықтан өткіземіз. Байланыс телефоны +7 777 2555331 (Бижан Әбішев, өндіріс бөлімінің сарапшысы).
17.05.2021