ҚаріпAAA Аралық|||_||___| ТүсAAA Қалпына келтіру
kz
ru
en

29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Алматы қаласында 10-шы мерейтойлық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдердің халықаралық кинофестивалі өтеді. Фестиваль бағдарламасына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен жасалған бес картина қатысады.

Бұл, ең алдымен, Bastau Shorts байқауына кірген Азамат Бүкешовтың "Жаздың ең ұзақ күні" қысқаметражды картинасы және Bastau Docs байқауында бақ сынайтын Виктор Вильковискийдің "Теңіздің оралуы" деректі фильмі.

Сондай-ақ, байқаудан тыс Әділхан Ержановтың "Адемоканы оқыту" фильмі және қазақстандық және ресейлік кинематографистердің бірлескен "Тарлан" атты жұмысы көрсетіледі. Әйгілі отандық режиссердің фильмі тайпаның тағдырын өзгертуге тырысқан цыған қызы туралы баяндаса, екінші туынды жас бала мен Тарлан есімді құлынның достығының әсерлі оқиғасын баяндайды. Екі картина да Bastau-дың қазақстандық секциясында көрсетіледі.

Сонымен қатар, Мәди Балжановтың "Сүтті қыз" дебюттік толықметражды жұмысы фестивальдің жабылу фильмі болмақ. Бұл бүгінгі таңда сыншылар "Қазақстандық Амели" деп атап кеткен романтикалық комедия. Сюжеттің негізінде Жәмила есімді жас кондитер қыз, ол айналасындағы өмірді тәтті етеді. Бірде ол үнемі "Сүт қызы" тортын сатып алатын жас жігітті байқайды…

"Еліміздегі ең ірі киноалаңдарының бірі болып табылатын «Бастау» кинофестивалінің жас кинематографистерді қолдап, олардың сенімді қадамдарын жалғастырып келе жатқаны әлі де қуантады. Бүгін біз қазақстандық кинематографтың сапалы трансформациясын көріп отырмыз, ал "Бастау" - бұл біздің киноның жеңістері мен жетістіктерін көрсетуге арналған ең үздік шығармашылық және іскерлік алаң. Әрине, Киноорталықтың қолдауымен түсірілген фильмдердің әртүрлі кинофестивальдердің конкурстық бағдарламаларына қатысуы екі есе қуантады. Бұл фестивальге табысты жұмыс және сапалы нәтижелер тілеймін!",- дейді бір кездері "Бастау" сахнасында өзі дебют жасаған ҰҚКМО-ның бас продюсері Адай Әбельдинов.

Биыл фестиваль режиссер Яна Скопинаның "Жаздың соңы жақында" фильмінің қазақстандық премьерасымен ашылады. Фильмнің сюжеті 1990 жылы көпұлтты аулада бір жаздың оқиғасына негізделген. Ол "Кино" тобының музыкасына және өзгеріс сезіміне толы. Басты кейіпкер - Баха есімді жас жігіт, өз жолын табуға тырысады және поляк қызына ғашық болады.

Фестивальдің ашылуы 29 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Жабылу Chaplin Cinemas кинотеатрында. Көрсетілімдерге кіру тегін.

Ұйымдастырушы дәстүрлі түрде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Tanaris Production кинокомпаниясы болып табылады. Фестивальдің серіктестері ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, "Тұран" университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Фестиваль жаңалықтарын bastauiff.com сайтынан және bastauiff Instagram және Facebook парақшаларында оқи аласыздар.

23.11.2022