ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫ

Киноорталық шығармашылық бірлестіктерді құруға бастамашылық жасауда

16.09.2021

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының үшінші питчингі аяқталды. Кезекті конкурс біздің кино индустриямыздың дамуының «ауыр тұстарын», сондай-ақ оның даму көкжиегін айқындады.   

Конкурсқа ұсынылған өтінімдер саны жылдан жылға артып келеді, бұл Киноорталықтың қызметі туралы шығармашылық адамдар көбірек біліп келе жатқанын білдіреді. Олардың көбі мемлекеттен көмек алуға болатынына көз жеткізді, тек бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіну, қорғауға дайындалу, өтінім беру, өз жобасын дұрыс таныстыру маңызды, сонда ғана қаржылық қолдау алуға мүмкіндік бар.

Осы жылдар ішінде атқарылған жұмыстарды талдау нәтижесінде Киноорталық сарапшылары кинематографистерге, әсіресе жастарға тікелей консультациялық қолдау көрсету мақсатында тақырыптық шығармашылық бірлестіктерді қалыптастыру қажеттігін түсінді.

Бүгінгі таңда кино қауымдастығының назары осы мамандықта алғашқы қадам жасаған дебютанттарда. «Шын мәніндеҚазақстан мәдениеті сол жас дарындардың арқасында жаһандық деңгейде танылып жүрген жоқ па?», – деп Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өз жолдауында атап өтті.

Киноорталықта қазір үш бағыт бойынша шығармашылық бірлестік құру қарастырылуда: дебюттік жобаларға, анимациялық фильмдер мен деректі фильмдерге арналған бірлестіктер. Олардың барлығы бұған дейінгі тәжірибені ескере отырып ұйымдастырылады. Біздің кинематографистер кезінде «Қазақфильм» киностудиясының құрамында жұмыс істеген шығармашылық-өндірістік бірлестіктер арқылы көптеген жұлдызды есімдердің ашылғанын, осылайша бұл тәсілдің тиімділігі мен ұтымдылығы дәлелденгенін еске алады.

- Киноорталығы белгілі кинематографистермен бірлесіп ұзақ жылдар бойы «Қазақфильм» киностудиясының құрамында жұмыс істеген «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігін қайта құру бойынша бастаманы жасап отыр, - дейді «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Е. Қосыбаев. Бүгінгі күні бұл мәселе бұрынғыдан да өзекті деп санаймыз және біздің шығармашылық бірлестігіміз дарынды жастардың әлеуетін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасаумен айналысатын болады.

Анимациялық кино – балалар мен жасөспірімдерде адами қасиеттерді қалыптастыруға көмектесетін маңызды идеологиялық құралдардың бірі. Мұны анимациялық фильмдер режиссері, «ҰКҚМО» КЕАҚ бас продюсері А.Әбелдинов жақсы біледі. 

- Анимация – бұл болашаққа құйылған инвестиция, - дейді ол. Биылғы жылы «Анимация» секциясында қорғауға жіберілген өтінімдердің 85%-ы жас аниматорлардан келіп түскен. Маған жақын секцияда көп өтінімнің болғаны қуантады, бірақ түпкілікті өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін  шығармашылық топтарды бағыттау және оларға жетекшілік ету қажет. «Анимация» ШБ құру осы маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.  

Сондай-ақ, Киноорталықта келесі конкурств деректі фильм жобалары «Деректі кино» шығармашылық бірлестігінің қамқорлығымен дайындалады деп жоспарлануда

- Деректі фильмдер көбінесе маңызды тақырыптар мен құбылыстарды, жарқын тұлғаларды зерттеудің әдістемелік құралына айналады, - дейді «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары Б.Шөкенов. Сонымен қатар, стриминг платформалардың дамуымен осындай контентті тарату үшін біраз мүмкіндіктер пайда болды және бұл картиналарды мазмұнды және қызықты ету өте маңызды.