Киноорталық Берлиналеде Қазақстан киносының басты жетістіктерімен таныстырады

Бүгін Германияда мерейтойлық 70-ші Берлин халықаралық кинофестивалі басталады. Берлиналеде алғаш рет Kazakh Сinema Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының стенді жұмыс істей бастайды. Берлин киноалаңы Киноорталық қазақстандық кинематографты бүкіл әлемге жүйелі түрде алға бастыра бастайтын бірінші халықаралық оқиға. Отандық кинематографты дәріптеу үшін басқа маңызды кинооқиғалар таяу уақытта Канндағы, Лос-Анджелестегі, Торонто мен Пусандағы кинонарықтар болады.

Берлинале кинонарығының қатысушылары мен қонақтарына біздің кинематограф былтырдан бері кенеліп жатқан барлық жаңалықтар егжей-тегжейлі әңгімелеп беріледі – бұлар «Кинематография туралы» заңның қабылдануы, шетелдік кинокомпаниялардың шығыстарының 30%-на дейін мемлекет кино авторларына қайтарып беретін рибейт жүйесінің енгізілуі, кинонарық қатысушыларына прокаттың айқындылығын қамтамасыз ететін Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің енгізілуі, көрерменнің қалауына мониторинг жүргізу және нәтижесінде –сапалы және қызықты картиналардың шығарылуы.

Анна Качко, жұмыстың халықаралық бағытының үйлестірушісі және Киноорталық басқармасы төрайымының кеңесшісі: «Kazakh Cinemaбұл Unifrance немесе German Films-тегі әріптестеріміз сәтті жасап келе жатқандай қазақстандық киноны шетелге жүйелі ілгерілету құрылымы жасалатын бренд.

Берлиндегі біздің басты міндетіміз Қазақстан киносында бүгін не болып жатқанын мәлімдеу. Қазақстандық киносаланың өзекті өзгерістері өте маңызды және зор қызығушылық тудырады.

Халықаралық кинематографшыларды не қызықтырады? Біріншібұл әрине, Қазақстанда кино түсіріп, 30%-ға дейін салық жеңілдігін алу. Екіншібұл жобаларды бірлесіп шығару және қаржыландыру. Өткен жылы біз халықаралық бірлескен өнімдерге қолдау көрсету үшін өзіміздің питчингте арнайы секцияны жариялаған болатынбыз. Шетелдік әріптестер бұл жаңалықты білетін болса, көптеген жарқын өтінімдер алатынымызға сенімдімін. Үшіншібұл қазақстандық фильмдерді халықаралық фестивальдерде таныстыру және бүкіл әлемдегі кинотеатрларда оларды прокаттау. Бұл жерде біз фестиваль іріктеушілерімен және сату агенттерімен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біздің каталогта және Kazakh Cinema стендінде Қазақстанның 2019 және 2020 жылдары шыққан, халықаралық фестиваль және прокат әлеуеті бар фильмдері ұсынылатын болады. Біздің кино сатумен айналыспайтынымызды, ең басты міндетіміз – халықаралық серіктестер іздеу және отандық картиналардың танымалдығын арттыру екенін түсіну маңызды. Бұл үшін біз Берлинде 80-нен астам сату агенттерімен және халықаралық кинофестивальдердің көптеген іріктеушілерімен келіссөздер жүргіземіз.

Халықаралық ұранымыз ретінде «Kazakhstan – the place to be» («Қазақстанқонақ болатын жер») сөйлемін таңдадық - және халықаралық киноқоғамдастықты бізбен бірге қызықты саяхатқа баруға және Қазақстанның мәдениетімен танысуға және біздің киносаланың әлеуетін білуге шақырамыз. Kazakh Cinema Берлинге көптеген іс-шараларды жоспарлап отыр! 

Киноорталықтың баспасөз қызметі Берлинале кинонарығына Қазақстанның қатысуы туралы жарияланымдар топтамасын іске қосады. Біз кинофестивальдің оқиғаға толы жай күндері туралы, қазақстандық стендтің қалай жұмыс істейтіні, Киноорталық делегациясының мүшелері қандай кездесулер өткізетіні туралы, сондай-ақ Қазақстанның арнайы таныстырылымдары мен іс-шаралары туралы әңгімелейміз – бұлардың барлығын Kazakhcinema.kz-тен оқыңыз.

Кинофестивальдің ресми сайты

Киноорталықтың ресми каталогы