Кинодағы Абайдың бейнесін кім қалыптастырды?

Ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, отандық киноиндустрия қазақтың ұлы ақынына арналған фильмдермен толығады. Тап осы маңызды мерекеге орайластырып, Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы Абайдың мерейтойына арналған фильмдер түсіруге конкурс жариялады. Абайдың атақты «Қара сөздерінің» тарихын экранға шығаруды ниет екендер өз жобаларын екі санатта ұсынды – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған, толық метражды картина, сондай-ақ «Абай» деректемелік фильмі» секциясы аясындағы фильмдер. Нәтижесі киножобалардың жуық арада болатын питчингінде қорытындыланады.

 Ал, Tengrinews.kz порталының тілшілері ресурс беттерінде Абай жайлы әдеби шығармаларды, операларды қалай жазғаны, спектакльдер мен киноны қалай түсіргені туралы барлық хронологияны жариялауда. Абай Құнанбаевтың ішкі және сыртқы әлемі көптеген әдеби шығармалардан, бейнелеу өнері, сәулеттік, музыкалық және театр туындыларынан көрініс тапқан.

 40-жылдары Абайдың жүз жылдығы өтті. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қайғылы, қиын уақыт. Бірақ, барлық қиындықтарға қарамастан, Алматы көркем және хронологиялық фильмдер киностудиясы 1945 жылы «Абай әндері» фильмін түсіреді. Талантты режиссерлер Ефим Арон мен Григорий Рошаль және Шәкен Айманов, Қапан Бадыров, Шара Жандарбекова, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қамал Қармысов, Қалибек Қуанышпаев сынды талантты актерлік құрам – бұл аталмыш картинаның сәттілігін паш етті. Фильмдегі Абай Құнанбаев мен оның жанындағылардың бейнесі көп жылдар бойы еліміздің белгілі мәдениет қайраткерлерінің актерлік шеберлігімен, дауыс ырғағымен көп ұрпақтардың естерінде сақталады. 1946 жылы соғыстан кейінгі Мәскеу ұлы ақын жайлы классикалық фильмнің премьерасында қызу қол соқты.

 Ойшыл ақынның шығармашылық бейнесі Темірлан Арганчеев пен Сергей Әзімовтің деректемелік фильмінде хронологиялық жүйелікпен жұртшылыққа жеткізілді.

1983 жылы Арганчеев жалпы білім беретін мектептің оқу материалы ретінде «Абай. Өмірі мен шығармашылығы» фильмін түсірді. Ақ-қара форматта түсірілген, ұзақтығы 20-минуттық фильм Абай Құнанбаев өмірінің нақты фактілерін және заманның қыр-сырын көрсетеді. Тек режиссер ғана емес, сонымен қатар, сценарист Бақытжан Қанапияновтың талантына да бас июге болады, ол жүйенің идеологиялық қысымын жеңіп, Абайды ең алдымен ақын әрі ойшыл ретінде көрсете білген.

 15 жылдан кейін Әзімовтің «Мен Абайды әкем деймін» атты деректемелік фильмі жарыққа шықты. Режиссер ұлы ақынның тарихи міндетін өзінше зерделейді. Ол естелік жанрын сәтті пайдаланып, ақын жанының руханилығына үңілуге мүмкіндік берді. Мәселен, ойшылдың немересі Мәкен апаның сөздері қалай әсерлі, шынайы. Белгілі режиссерлердің жұмыстары жұртшылық тарапынан да, кәсіби деңгейде де мойындалды.

 Жақында А.Құнанбаев жайлы жаңа туындыларды дүниеге әкелетін, кинематографистердің жаңа есімдері белгілі болады. Кино орталықтағы питчингтен кейін, жұмыстар Ведомствоаралық комиссияның қарауына түседі. Содан соң, «Абай туралы үздік фильм» конкурсының қатысушылары өз киножобаларын іске асыру үшін мемлекеттік қаржыландыруға ие болмақ.