Кино орталығының қызметкерлері Алматыны көгалдандыру акциясына қатысты

Өкінішке қарай, бүгінде біздің көптеген қалаларымызда жасыл аймақтар, саябақтар, аллеялар мен бақтардың қажетті көлемі қамтылмаған. Оңтүстік астанада көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді, себебі, Алматы ұзақ жылдар бойы «бақтар» қаласы болған.

Алматының аса маңызды жасыл белдеуін жандандыруға арналған акцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағында өткен акцияға Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметкерлері қатысып, мәдениет және өнер саласындағы әріптестерімен бірге 500-ге жуық жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды!

Осылайша, біз Алматымызды көгалдандыруға өз үлесімізді қоса отырып, қазақстандықтардың, барлық отандастарымыздың қоршаған ортаны қорғауға назарын аудара аламыз деп үміттенеміз.