Кино орталығы өтінімдерді қабылдау мерзімін 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзартады

Құрметті кинематографистер!

Мемлекеттік қаржылай қолдауға үмітті киножобалар конкурсына белсенді қатысып жатқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтамыз. Конкурс шарттарына сәйкес, Сіздерге 2021 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде киножобаның синопсисі мен сценарийін,  авторларының түйіндемесін, өндіріске сұратылатын соманы және т. б. ақпаратты қамтитын алдын ала құжаттар топтамасын тапсыру қажет еді.

Киножобалардың кезекті конкурсына кинематографистердің аса қызығушылық танытуына байланысты, оның ұйымдастыру бөлігіне түзетулер енгізілді.

Өтінім берудің бірінщі кезеңінің мерзімін 2021 жылғы 1 наурызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

ҰКҚМО басшылығы өтінім беру мерзімін ұзарту туралы шешімді орынды деп санайды. Бұл қатысушыларға өз өтінімдерін, сценарийлерін және оларды конкурсқа беру үшін қажетті басқа да материалдарды барынша сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

Сәттілік тілейміз!