Кино орталығы ҚР МСМ Мәдениет комитетіне бағынысты ұйымдар қатарына кірді

«ҰКҚМО» КЕАҚ, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Астана балет» және «Астана Опера» театрлары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа комитетіне берілді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде (...): «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі» бөлімі мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлері 224-41, 224-42, 224-43, 224-44, 224-45 – жолдармен және тармақшалармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің комитетіне 224-41 «Қазақ әуендері» АҚ, 224-42 «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, 224-43 «Aстана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ, 224-44 «Aстана Балет» театры» ЖШС, 224-45 «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ берілсін, - делінген Үкімет Қаулысында.

Еске сала кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымында жақында Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті, сондай-ақ Мәдениет комитеті құрылған. Оған қоса, Мәдениет комитетінің жанынан «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ құрылды.