Кино орталығы: карантин, теледидар және онлайн

Наурыз айы Кино орталығының қызметкерлері мен іске асырылуы басталған жобалардың түсірілімін жүргізіп жатқан топтар үшін оқиғаларға толы болып, көптеген жоспарларды өзгертті.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жарияланған карантин кезеңінде Кино орталығы командасы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысты. Жоспарланған кездесулер мен мәжілістер әдеттегі кестемен, бірақ онлайн режимде өткізілуде.

Коронавирус пандемиясы мен Қазақстанда енгізілген ТЖ тәртібіне байланысты Кино орталығы қаржыландырып отырған бірқатар фильмдерді түсіру уақытша тоқтатылды, олардың қатарында Қанағат Мұстафиннің «Кажымукан» фильмі, Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмі және Эмир Байғазиннің «Выбор» фильмі бар. ТЖ режимінен бас тартылып, карантин аяқталған соң кино түсірушілер өз жұмысына қайта кіріспек.

Өздерінің күнтізбелік қойылым жоспарын өзгертуге мәжбүр болған жалғыз ғана қазақстандық кинематографистер емес. Әлемді алып жатқан індет аясында голливудтық режиссер Мэтт Ривздің «Бэтмен» фильмін және «Ведьмак», «Властелин колец» сериалдарын, сондай-ақ бірқатар басқа қойылымдарды, сондай-ақ Netflix атты стриминг-сервисінің барлық жобаларын да түсіру уақытша тоқтатылды.

Оқшаулануға мәжбүр болғанына қарамастан, «ҰКҚМО» ҚЕАҚ төрайымы Гүлнар Сәрсенова бастаған Кино орталығының қызметкерлері орталықтың ең басты міндеті – қазақстандық киноны әлемге танытуға және көрермендердің мүдделерін ойлауға баса назар аударуда. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Кино орталығының бастамасымен «КТК» телеарнасында наурыздың 28-інен бастап «Үйдегі сеанс» марафоны басталады. . Әр демалыс сайын сағат 17:00-де эфирде соңғы 15 жыл ішінде түсірілген қазақстандық кинофильмдер көрсетілетін болады. Көрермендер халықтың сүйікті кинохиттерімен қатар «А» санатындағы халықаралық фестивальдерде жоғары баға алған фильмдерді көре алады. Қойылымдардың толық тізімі мен көрсетілімдер кестесін жауырда-ақ Кино орталығының сайтынан, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақтарынан табуға болады. 

Бұл бастаманы «Қазақфильм» АҚ және Қазақстанның бірқатар тәуелсіз продюсерлері қолдады.

Айтпақшы, карантин кезеңінде бос уақытты қолайлы әрі пайдамен өткізу үшін, Кино орталығының вебсайты мен әлеуметтік желі парақтарында қамсыз отырып көңіл көтеруге мүмкіндік беретін белсенді әрекеттер іріктеліп, қойылды. Естеріңізге сала кетейік, онлайн-кинотеатрлар мен киноплатформалар қазақстандық фильмдердің арнайы топтамасын ұсынып отыр. Сонымен, бүгінде үйде өткізіп жатқан каникулымыз – отандық кинематографқа баға беретін кезең болсын.