Кино орталығы директорлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Бүгін, 27 наурызда, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі Н.М. Дәуешовтың қатысуымен өткізілген жиналыс барысында «ҰКҚМО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің жаңадан тағайындалған мүшелері таныстырылды.

«ҰКҚМО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына мемлекет және қоғам қайраткері Ғани Қасымов, Halyk Finance Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Дунаев,  белгілі кинопродюсер Борис Чердабаев пен ҰКҚМО басшысы Есетжан Қосыбаев  сайланған.

Жиналыс қатысушылары Директорлар кеңесінің жаңа құрамы алдағы уақытта  шешетін басты мәселелерді талқылады. ҰКҚМО Басқарма төрағасы Е.Қосыбаев әріптестеріне Кино орталығының ағымдағы қызметі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, ҰКҚМО қаржы-экономикалық блогын, нормативтік-құқықтық базасын теңдестіру жұмыстарына, атап айтқанда, қолданыстағы «Кинематография туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізуге ерекше назар аударылды. Жиналыс қорытындысы бойынша алдағы жұмыс аптасы ішінде Директорлар кеңесінің келесі отырысының күн тәртібін анықтау тапсырылды.

Айта кетсек, «ҰКҚМО» КЕАҚ Директорлар кеңесінің құрамына енді сегіз адам кіреді, олардың ішінде:

ДК Төрағасы Нұрқиса Дәуешов – ҚР Мәдениет және спорт Вице-министрі.

ДК мүшелері: 

Есетжан Қосыбаев – ҰКҚМО Басқарма төрағасы.

Амангелді Тойбаев – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің Мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы.

Тәуелсіз директорлар:

Арман Дунаев – «Halyk Finance» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Ғани Қасымов – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Бектас Мұхамеджанов – ҚР Парламенті Сенатының жанындағы ҚР бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңестің мүшесі.

БекболатТілеухан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Борис Чердабаев– кинопродюсер, FreedomHoldingCorp., PLC, США, листинг NASDAQ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.